КӘСІБИ СЕРЖАНТ – КӘСІБИ АРМИЯНЫҢ НЕГІЗІ

«Сержанттар – армияның негізгі бөлшегі, дәнекері. Олар офицерлердің көмекшісі, оң қолы болуы қажет» -дейді прапорщик Әділ Бисенбаев

Отан – асыл ұғым. Отан оттан да ыстық. Ол отбасынан басталып, тұтас бір мемлекетті жұмылдырып тұрған ұлы күш. Еліміздің әрбір азаматы «Отан» деген ұғымның оттан да ыстық қасиетіне бас иіп, оған адал қызмет етуге борышты. Осы жолда қайтпас қайсарлық пен айнымас шыдамдылық таныта білетін, ары мен намысын жоғары қоятын ұрпақ тәрбиелеу абыройлы іс болмақ. Жарқын болашақ, Отансүйгіштік, ұлтжандылық секілді асыл сезімнің өміршең екенін көрсетті. Отанды қорғау — біздің халқымыз үшін қашан да қасиетті парыз, абыройлы міндет. Біздің бағзыдан жеткен сан ғасырлық тарихымызда көзсіз ерлік пен қаһармандықтың, елі мен жерін сүюдің, шынайы патриотизмнің жарқын үлгісі аз емес. Туған өлкенің тыныштығын қорғап өткен батыр бабаларымыздың жауынгерлік дәстүрін бүгінде Тәуелсіз Қазақстанның Ұлттық ұланның әскерлері де лайықты жалғастырып келеді.

Біздің әскеріміз төтенше жағдай кезінде блокпосттардың жұмысын қамтамасыз ету, көшедегі  қоғамдық тәртіп пен карантин  талабының сақталуын қадағалау  және т.б. міндеттерді тиімді шеше отырып, әскери дайындық деңгейінің жоғары екенін көрсетті.

Әсіресе, қазіргі күрделі кезеңде Ұлттық ұланның әскери қызметшілері, құқық қорғау және арнайы мемлекеттік органдардың қызметкерлері және өзінің қызметтік борышын өтеп жүрген барлық қазақстандықтар ауқымды да маңызды жұмыс атқаруда.

Бұл ретте өз тағдырын құқық тәртібі әскерлері қатарындағы қызметпен байланыстырған өз ісінің  хас шеберлері ғана қызмет етеді.Сондай-ақ, күнделікті  жауынгерлік  қызметте кіші командирлер яғни, сержанттар құрамына жүктелетін міндеттер аз емес.

Соның ішінде сержанттар құрамына, әскери құрамға жаңадан шақырылған әскери қызметші­лерді оқыту, тәрбиелеу, сапқа дайындау  секілді  үлкен жауапкер­шілік жүктелген. Негізінен сержанттар – офицер­лердің басты көмекшісі екенін баса  айту керек.  Сол себептен олардың, әскердің қай саласында болмасын, алатын орындары ерекше.

Солардың бірі де бірігейі-Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланын «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының  сержанттар корпусының басшысы прапорщик Бисенбаев Әділ Алмағазыұлы.

Жастық шақ, балалық бал дәурен.

Прапорщик Әділ Бисенбаев 1975 жылы 5 шілдеде Қызылорда облысы  Арал ауданында  дүниеге келген. Әкесі Алмағазы  Арал вагон жөндеу зауытында кызмет аткарган болса, анасы Акжан, балалардың тәлім-тәрбиесіне үлесін қосып, елдегі беделді адамдардың қатарында жүріп, маңызды да баянды өмір сүруде. Ата-анасы тепсе темір үзетін, бір ұлы Әділді және де Айгүл, Айнур, Бақытқұл есімді үш қыздарды тәрбиелеп, оқытып, бой жеткізіп қазіргі таңда 14 немере-жиендерін сүйіп, олардың тәтті қылықтарына тоймай, «Аллаға шүкір!», -деп марқайып отырғандар жандар.

Жастық шақ, балалық бал дәурен – адамзат өмірінде маңызды рөл атқаратын, шаттыққа, қайрат-жігерге толы кезеңі. Сонымен қатар, осы жастық дәурен – ұмытылмайтын, алар орны ерекше, нағыз даналықты меңгеруге арналған уақыт. Ал, балалық шақ оны айтпаса да белгілі.

Адам өмірінде балалық шақ, жастық шақ, орта жас және кәрілік кезең орын алады. Солардың ішіндегі ең бір ерекшесі әрі мәңгі естен кетпейтіні ол – жастық шақ. Жас күніңдегі өмірің қиялға толы. «Жастық — жалын, кәрілік — көмір», — деп бекер айтпаған-ды.

Сонау Сыр елінің топырағында балалық шағын өткізген Әділ Алмағазизұлының әскер қатарында қызмет істесем деген арманы сонау бала кезден басталған болатын. Форма киіп армия қатарынан оралғандарға қызыға қараған ол, келешек мамандығын сол кезден-ақ ойластырып қойды.

Жастайынан спортты жанына серік еткен ол, дене шынықтырудан қол үзген жоқ. Бұрыннан жоспарлап отырған әскери салаға біржола бет бұру үшін спорттан дайындығы мықты болу қажеттігін жақсы түсінді.

-Біздің балалық шағымыз Сәвет одағының  соңғы  90-ші жылдары еді. Ол кездері тек шағын аудан болатын. Кішкентай құлыншақты ат қып мініп, тайларды үйрететінбіз. Талай құлап, қатты ауырғаннан жылайтын да кездеріміз болған. Асыр салып, асық ойнадық.Бүгіндері асық ойыны халық арасында өркендеп келеді. Бұған өте қуаныштымын. Қыс мезгілінде доптыаяқ (хоккей) ойнайтын едік. Содан кейін ауылда ата-анамызға үйі-шауашылығына қөмектістік. Негізгі ермегіміз осылар еді.Мен гитара тартуға, күй тыңдауға құштар едім. Бұл ретте, Көшербай атамыздың тәлім-тәрбиесі, ақыл-кеңестері өмірде маған көп пайдалы әсерін тигізді. Сондай-ақ біз балалық шағымызда кітапты өте көп оқитынбыз. Кітаптан нәр алатынбыз. Кітапханаға немесе дүкенге жаңа кітап келсе, бір-бірімізден алып оқитын едік. Балаларға, жастарға айтарым, барлық ғылым мен техника, ғаламтор дамыса да кітаптан артық азық болмайды. Кітап – жан азығы. Бар білім мен тәлім-тәрбиенің кілті – кітапта,-деп еске алады  балалық шағын  Әділ Алмағазыұлы.

Отанға қызмет ету абыройлы және құрметті іс.

Қызылорда облысыныын Арал ауданынын онжылдық мектепті тәмамдаған соң,  ол 1996 жылдан 1998 жылға дейін Атырау қаласындағы 5546 әскери бөлімінде мерзімді әскери қызмет абыройымен атқарады.

 Әділ әскер қатарында жүріп-ақ спортпен шұғылданғаны заяға кетпеді, денесі шыныққан, қиындыққа төзе білген жас сарбаз  әскери өмірге тез үйреніп, лауазымдық міндеттерін беске жаттап, озат сержант атанған еді.

Осылайша, жауынгерлік қызмет барысында өзіңе койылған іске тиянақты қарап, міндеттін абыроймен атқарып, қойылған тапсырмаларды бұлжытпай орындап, рота командирінің көзіне түседі. 

Сол сәтте рота командирінің бұйрығымен қарауыл бастығының көмекшісі ретінде қызметке түсетін болды. Әскери өмірде де спортқа орын бар дегендей, бұл жерде де өзін жақсы да білікті маман ретінде көрсете білді, Жастар бастамашылық орталығында спорт ұйымдастырушысы атанды.

Сондай-ақ,  жеке басының тәртіптілігі,  спортта  көрсеткен жетістіктері үшін бөлім командирі, рота, бөлініс командирлеріннің атынан бірнеше рет алғысхат,  грамоталармен  марапатталған.

Әділ Отан алдындағы мерзімдік азаматтық борышын адал, атқарып сол 5546 әскери бөліміне келісім-шартты бойынша әскери қызметке атқыштыр ротасына  бақылаушы болып орналасты.Мұнда келе сала жауынгерліқ қызметін тез-ақ меңгеріп кетті.Әрине, оңай болған жоқ, сол алғашқы кезде тәжірибелі әріптестері көмек  қолы созды.Соның  арқасында көп нәрсені үйреніп қалды.Екі жылдай жалпы режимдегі еңбекпен түзеу колониясын күзету қызметінде бақылаушы болды. Ал  1999 жылы  қызмет бабына байланысты жедел іздестіру бекеті бастығының көмекшісі лауызымына ауысады.

—  Өзім әскери қызметті таңдағаныма еш өкінбеймін. Ешкімнен кем болмадым. Тұрақты қызметім, қомақты жалақым бар. Тіпті, бүгінгі таңда әскери қызметшілер қоғамда үлкен құрметке ие десем артық айтқандық емес. Жалпы, осы сәтті пайдалана отырып, өскелең ұрпақты әскери салаға  қызмет етуге  шақырғым келеді. Өйткені, әскери қызмет – Отанын сүйген әр азаматтың елі алдындағы борышын атқарғанмен бірдей зор абырой, – дейді бізбен әңгімесінде прапорщик Ә.Бисенбаев.

Сонау 2000 жылы ол Ақтөбе қаласында орналасқан 6655 әскери бөліміне атқыштар ротасының  жоспарлау  қарауыл бастығы болып  жоғары лауазымға тағайындалды. Жалпы жоспарлау қарауыл бастығы қызметін кез-келген әскери қызметшіге сеніп тапсыруға болмайды.Қарауыл қызметін басқару тәжірибесі мол, әскери білім жағынан алдына жан салмайтын, сарбаздар алдында беделді әскери қызметшілерге зор жауапкершілікпен жүктеледі.

Әділ Алмағазыұлы әрдайым өз міндетін мығым.Ол өзінің қарамағында қарауылға шығып отырған бүкіл сарбаздардың міндеттерін әуелі әбден түсіндіреді.Қарауылға атқарар тапсырмасын ұғындыра отрып, қарауыл бастығы ретінде өзі нұсқау жасады.

Жауынгерлік қызмет бабында  өзін жақсы жағынан көрсете білген Әділ 2003 жылы атқыштар ротасының старшина лауазымына тағайындалған. Негізінен старшина рота командирінен кейінгі материалдық  жауапкершілікке жауапты  адам.Сондықтан ол кірген кіріс пен шыққан шығыстың яғни, барлық заттың есеп-кисабын жүргізіп,ротаның арнайы есеп жорналына жазып отырады.Ең аяғы тазалығы да  Әділдің назарынан  тыс қалған емес.

Жылдар өте қызметінде ысылған  прапорщик Ә.Бисенбаевтың жеке басының дайындығы, тәртіптілігі, кәсібилігі, білім мен шеберлігі қасиеттерін ескере отырып,  бөлім басшылығы 2006 жылғы шілдеде оны жоғары тұрған полк сержанты лауазымына тағайындады

Қазіргі кезде ол «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының сержант лауазымында қызмет өткеруде. Құқық тәртібі әскерлерінде қызмет еткен алғашқы күндерден  прапорщик Ә.Бисенбаев  білікті, принципті кіші командир ретінде сипатталады, ол керемет ұйымдастырушылық қасиеттерге ие, бағыныштыларды өз міндеттерін үлгілі орындауға бағыттай алады.Өзіне талапшыл, принципті және қол астындағыларға әділ.

Кіші командирлермен көрсету, нұсқаулық-әдістемелік, практикалық және бақылау-тексеру сабақтарын өткізеді.

Қай жерде, қай ортада болмасын өзінің жұмысына асқан жауапкершілікпен қарап,қызмет еткен ұжымын тек үздіктер қатарынан көрінуі үшін жаны қалмай тырысып, еңбек ететін  Әділ құрметке бөленуі заңды еді. Атқарған істері оның беделін асырып, абыройын асқақтатты.

Ол үнемі жеке құрамды оқытумен, тәрбиелеумен, тұрақты әскери тәртіпті қолдаумен, моральдық-психологиялық жай-күймен айналысады.

Өзінің белсенді өмірлік ұстанымы, үнемі алға ұмтылуы, айналасындағыларды жинай білуі арқылы ол ұжымда жоғары беделге ие болды.

Жауынгерлік қызмет пен оқудағы жоғары көрсеткіштері, үлгілі әскери тәртібі, жоғары кәсібилігі үшін ол әскери басшылығы тарапынан бірнеше мәрте  мадақталған.

-Біз Отан алдындағы міндетімізді мінсіз орындауымыз керек. Сол үшін өміріңді қию керек болса, одан да бас тартпауға тиістіміз. Өйткені, біздің мінсіз қызметіміз ел үшін, мемлекет үшін өте маңызды. Мен Отанның қандай бұйрығы болса орындауға әзірмін. Күні бүгінге дейін мен басшыларымның бұйрығын қалт жібермей орындап келемін. Алдағы уақытта да солай боларына кімді де болса сендіре аламын», – дейді прапорщик Ә.Бисенбаев

 Прапорщик Әділ Бисенбаев атақты батыр, даңқты баһадүр Бауыржан Момышұлының «Қайратыңа әдісіңді серік ет, әдісіңе ақылынды жолдас ет» деген қанатты сөзін, өзінің өмірлік ұстанымына айналдырған азамат деп есептейміз. Себебі, оның әрбір істеген ісінен, қағидаға айналған осы сөздің нышанын байқауға болады.

Отбасы-Отанның ошағы.

Әділ Алмағазизұлы– үлгілі жанұяның иесі, бес баланың әкесі. Халқымызда: «Отан отбасынан басталады» деген аталы сөз бар. Отанды сүю, туған елге құрмет сезімі отбасынан бастау алады.

Отаншылдықтың бір көрінісі туған елге ие болып қалатын отаншыл, рухы биік иманды ұрпақ тәрбиелеу. «Ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі» дегендей, отбасында адам бойындағы қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отбасы – жеке адам өмірінің мәні ғана емес, ұлт өмірінің дирижері болар мемлекеттіліктің іргетасы да. Бұлай дейтін себебіміз, адамның тұлғаға, оның өз кезегінде дара тұлғаға айналу ісінде отбасы құндылығының негізгі рөл атқаратындығы сөзсіз. Себебі, елдің тұрақтылығы мен өсіп өркендеуі–отбасына байланысты.Осындай бір шағын  мемлекеттің  жауапты  жүгін көтеріп жүрген  Әділ  мен жұбайы Айнагүлмен    бір шаңырақ астында тату-тәтті ғұмыр кешуде.

Олар – осыдан  он тоғыз жыл бұрын шаңырақ көтерген жандар.Ол кезде Әділ жас әскери қызметші  еді. Айнагүлдің   жүрегін бірден баурап алады. Ақыры, екеуі бас қосып, кейінгі  отбасылық өмірге қадам басады.

— Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады. Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан — менің Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн. Отан дегеніміз – біздің туып өскен , кіндік қанымыз тамған жер,  екі ұлымда әскери қызметті таңдап өз отандарын қорғап жүргендеріне ата-ана ретінде мен қатты қуаныштымын,- деді шаңырақ иесі

Бисенбаевтар  жанұясында тыныштыққа осы құндылықтар оң әсерін тигізгеніне күмәніміз жоқ. Қазір бақытты отбасында Талғат,Бекзат,Исатай Перизат және Бекзат есімді  бес бала өсіріп отырған көп балалы отбасы.

Әділдің алтың қызы-Перизат 9 жаста, 4-сыныпта оқиды. Бала кезінен қызы музыкамен шұғылданады, әсіресе домбра үйірмесіне барады.

Ортаншы ұлы Исатай, әкесі сияқты, өз өмірін армиямен байланыстырғысы келеді. Ол мектепті бітіргеннен кейін әскерге барады. Ол әскери адам бола ма, жоқ па, оны кейінірек шешуге тура келеді. Алайда әзірге мұндай көзқарас бар.

Бала спортпен және өзін-өзі тәрбиелеумен айналысады, соғыс туралы кітаптар оқиды, патриоттық фильмдер көреді, ал өзі үшін қандай да бір қорытынды жасайды. Ол небәрі 13 жаста, сондықтан өмірде таңдау жасауға әлі уақыт бар.

Айнагүлдің өзі әскери болмаса да,  әскери ортадағы шаралардан қалыс қалып көрген жоқ. Мәселен, «Әке мен ана» атты отбасылық байқауларға және мерекелік әрі патриоттық іс-шараларға белсене қатысады.

—Біздің отбасымызда үйдің бас қожайыны жолдасым. Мен ешқашан ерлердің үй шаруасымен байланысты жұмыс мәселелерді бастан өткерген емеспін.  Әділ кез-келген істі  батыл қабылдайды және оны соңына дейін жеткізеді, — деп еске алады Айнагүл Сайынқызы.

Өнегелі Бисенбаевтар  отбасы  жұмыстан бос уақыттарын отбасымен өткізеді, белсенді демалыспен айналысады, отбасылық мерекелерді атап өтеді, балаларды  мәдени-сауыттық демалыс орындарына апарады.

Иә,осылай бір-бірін сыйлап, қолдап, Бисенбаевтар отбасы әскери ортада ысылып, шыңдалып келеді. Болашаққа қадам басқан жарасымды жұптың ендігі мақсаты – ұл-қыздарын рухты, патриотты етіп өсіп-жетілдіру.Бүгінде Отан үшін қызмет еткен отағасы перзенттерін адал, шыншылғып тәрбиелейтіндеріне сенімді. Сенімдеріңіз берік, отбасыларыңыз аман болсын, әманда!

Подполковник Ерболат Сұлтанов, Орал.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *