ОралДа “Нұр Отанның” кезекті Есеп беру — сайлау конференциясы өтті

Бүгін «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының кезекті ХХІХ есеп беру — сайлау конференциясы өтті. Конференцияға Орал қаласының әкімі, «Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалының төрағасы А.Шыныбеков төрағалық етті.

Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша Саяси Кеңес және Саяси Кеңес Бюросының мүшелерін, облыстық конференцияға баратын делегаттар тізімін бекітіп, сондай-ақ бастауыш партия ұйымдарының өкілеттік мерзімдерінің аяқталуына байланысты қайта сайлау жүргізілді.


«Nur Otan» партиясы Орал қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары К.Нұршинов 2019-2020 жылдары атқарылған жұмыстар туралы есептік баяндама жасады.
Облыстық конференция онлайн форматта өтуіне байланысты қалаға бөлінген квотаға сәйкес 12 делегат сайланды. Соңында филиал төрағасы, қала әкімі А.Шыныбеков филиал жұмысына байланысты бірқатар тапсырмалар берді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *