Бүгін ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамының Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалының жұмысына оң бағасын берді.
Облысқа сапары кезінде министр Орал қалалық мамандандырылған қызмет көрсету бөлімі мен №2 халыққа қызмет көрсету бөлімінде болды. Жұмыстың жай-күйімен танысып, мемлекеттік қызметтердің көрсетілуіне қатысты брондаудан бастап дайын құжаттарды алуға дейінгі процесті бағамдады. Және өз қолымен қызмет алушы М.Давлетоваға дайын жеке куәлігін табыстады.
Филиалға жасалған іссапар нәтижесінде министр Б.Мусин азаматтардың автомектептерде оқығандығы туралы мәліметтерін бір дерекқорға ықпалдастыру қажеттілігі туралы айтты.
Сонда мамандандырылған ХҚО қызметкерлері құжаттарды сканерлеп уақыт жоғалтпайтын болады. Бұл қызмет алушының уақытын үнемдейді және мамандардың да жұмысын жеңілдететін болады»,- деді. Сондай-ақ, брондау бойынша қызмет көрсету уақытын азайту жолдарын қарастыруды ұсынды.
Сонымен қатар қала бойынша сауда орталықтарында, оқу орындарында өзіне-өзі қызмет көрсету секторларының жұмысын ұйымдастыруды, Egov mobile қосымшасын пайдалануды насихаттау жұмысын жанжандыруды, QR-код арқылы төлем қабылдау және Kaspi арқылы көлік құралдарын ресімдеу санын ұлғайтуды тапсырды.
Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік корпорациясы» КЕАҚ БҚО бойынша баспасөз қызметі