Шымкентте Ұлттық ұлан жауынгерлері арасында қоян-қолтық ұрыстан өткен жарыста «Батыс» өңірлік қолбасшылығының жауынгерлері жүлделі екінші орын алды.
Таяуда сәуір айының 14 мен 16 аралығында Шымкент шаһарында орналасқан Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланның 6506 әскери бөлімінде қоян-қолтық ұрысы бойынша Ұлттық ұланның жауынгерлері арасында өткен біріншілік мәресіне жетті.
Спорттық шара 1995 жылы ауған-тәжік соғысында қаза тапқан 17 жауынгерді еске алуға арналды.
Әскери спорт түрлерінің ішіндегі ең көрнекі жекпе-жектің бірі болып саналатын қоян-қолтық ұрысын өткізудің басты мақсаты, Ұлттық ұланда әскери қоян-қолтық ұрысын кеңінен насихаттау, дамыту және әскери жауынгерлердің рухын көтеру болып табылады.
Дәстүрлі түрде өткен әскери жекпе-жекке Ұлттық Ұланның «Орталық», «Оңтүстік», «Батыс» және «Шығыс» өңірлік қолбасшылығының, Әскери институттың және Нұрсұлтан қаласындағы 5573 әскери бөлімінің командалары қатысты.
Осынау 3 күнге созылған сайысқа 8 салмақ дәрежесі бойынша 200 –ге таяу үміткер қатысып, кім мықтыны анықтады.
Жалпы командалық есеп нәтижесі бойынша бірінші орынды Петропавл қаласының Ұлттық ұланның Әскери институттың құрамасы жеңіп алса, екінші орынды біздің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының спортшылары алды, ал, өз кезегінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының құрамасы үшінші орыннан көрінді.
Айтып өту керек, бұл жарыста жалпы командалық есепте екінші орын алған біздің «Батыс» өңірлік қолбасшылығының құрамасы үш алтынды, екі күмісті, бір қоланы иеленді.
Жеңімпаз атанып алтыннан алқа тағылғандар:57 келі салмақта ефрейтор Әнуар Кәрібаев, (Ақтөбе ), 62 келі салмақта сержант Жандос Утегулов (Орал), 67 келі салмақта қатардағы жауынгер Мансур Мимбулатов (Ақтау), екінші орын алғандар 73 келі салмақта сержант Нұрсұлтан Есмурзаев(Ақтөбе), 88 келі салмақта қатардағы жауынгер Әлиғайни Нәсіпқалиев (Ақтау), ал үшінші орын кола медалді 97 келі салмақта жоғары лейтенант Рүстем Әзіз (Орал ), қанжағасына байлады.
– Қоян-қолтық ұрысы тек спорт жүзінде ғана емес, өмірде де керек нәрсе. Өйткені, өзіңді қорғау кезінде, біздің жауынгерлік өмірде де спорт ең қажет нәрсе.Өйткені, біз сотталушылармен қызмет істегендіктен, сотталушылар қарсыласқан жағдайда немесе азаматтық тұлғаларды, құқық бұзған азаматтарды ұстаған кезімізде, ең керек нәрсе осы – жекпе-жек өнері болад, -дейді Оралдағы 5517 әскери бөлімінің сержанты Жандос Утегулов.
Подполковник Ерболат Сұлтанов,
Орал.