Қасиетті Рамазан айында ҚМДБ-ның төрағасы, Бас мүфти Наурызбайбай қажы Тағанұлы хазреттің бастамасымен Ақжайық елінде елдегі ахуалға байланысты ауызашар қоржынының 200 астам отбасының үйіне жеткізіп берілуде.
ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің ұйытқы болуымен жеке кәсіпкерлердің қолдауымен және жамағатымыздың демеуімен қасиетті Рамазан айының алғашқы күнінен бастап Орал қаласының ораза ұстаған жандарға ауызашарлар жеткізілді.
Алғашқы күні «Орал» орталық мешітінің наиб имамы, облыстағы «Зекет және қайырымдылық» қорының өкілі Самат Әлібаев ораза ұстаған жандарға арнайы барып, ауызашар қоржынының табыстап, қасиеттті рамазан айымен құттықтап, дінбасымыздың сәлемін жеткізіп, «Ораза» турасында уағыз айтып, дұға жасады.
Рамазан айы құтты болып, ораза қабыл болсын, бауырларым!
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі