Бір күнде екі адамды тонаған күдіктілер ұсталды


2021 жылдың 24 ақпан күні шамамен сағат 20.40-та екі белгісіз тұлға Орал қаласы, Жамбыл көшесі, 79 мекенжайындағы «Светлячок» дүкені қасында 1982 жылғы В. есімді азаматтың бір жәшік сырасын тонап кетті. В. есімді азамат бір бума сырасынан айырылып, тоналғанын айтып, полицияға шағымданды. Оқиға орынына барған Орал қалалық ПБ криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкідері кісі тонау фактісін тіркеп, жедел іздестіру іс-шараларын қолға алды.

Дәл осы күні екі белгісіз тұлға екінші рет кісі тонау фактісіне бел шешкен. Сағат 00.30-да «Лига Камаз» дүкені қасында 1969 жылғы Д.есімді азаматты тонап, 150 мың теңгесін және «Самсунг-41» маркалы корпусы қара түсті ұялы телефонын күштеп тартып алған. Ұялы телефон иесіне 250 мың теңге көлемінде материалдық шығын келді. Іздестіру барысында 

полиция қызметкерлері кісі тонағыш екі бейтаныс тұлғаны құрықтап, жеке бас деректерін анықтады. Олар бір тәулікте екі азаматты тонағанын мойындады. 

Бүгінгі күні Орал қ.ПБ Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 191 бабының 2 бөліміне сай қылмыстық іс қозғады. Тонау фактісіне қатысты істер тергелуде.

Өз қызметтік міндеттерін адал атқарып, кәсіби шеберлік пен қырағылық танытып, қалта ұрлығы қылмысын ашып, жоғары біліктілік көрсеткендері үшін №5517 әскери бөлімінің бірнеше қызметкерлері грамотамен марапатталды. Орал қалалық ПБ бастығының бірінші орынбасары полиция подполковнигі Жантемір Иманалиев Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің лейтенанты Болысбек Тұрмұхаммед Ғалымжанұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің сержанты Наурызгалиев Армат Серікұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Кужахметов Мейрбек Бауыржанұлына, Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Қайнар Нұркелді Мұхтарұлына, 

Ұлттық ұланның № 5517 әскери бөлімінің қатарындағы Хайдаров Бекболат Асанұлына Орал қалплық ПБ жеке құрамы алдында салтанатты түрде «Алғыс хат» тапсырды. Қызметтеріне табыс тілеп, бірлесе атқаратын істерінің сәтті болатынын айтты.

Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *