Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі аяқталды.
Облыстық кезеңге 504 оқушы жолдама алып, оның 14 пән бойынша 482 оқушы қатысқан. Олимпиаданың әр кезекті күні аяқталғаннан кейін «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының және Батыс Қазақстан облысының білім басқармасы «Дарын» қосымша білім орталығының сайттарында (ro.daryn.kz, zko.daryn.kz) қатысушылардың жұмыстары, пәндер бойынша шешімдері мен хаттамалары жарияланды.
Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің қорытындысы бойынша І орын- 34, ІІ орын -59, ІІІ орын -84, диплом-73. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Батыс Қазақстан облысы білім басқармасының І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдарымен және медальдармен марапатталды. Командалық рейтинг бойынша І орын — Орал қаласының құрама командасы қоржынында. Ал ІІ орын дарынды балаларға арналған мамандандырылған «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» мектеп-лицей-интернатында. Дарынды балаларға арналған С.Сейфуллин атындағы №11 облыстық мамандандырылған мектеп-интернаты оқушылары үштікті түйіндеді. Жеңімпаздаркубок және дипломмен, аудандар арасында жоғарғы көрсеткіш көрсеткен үшін Теректі ауданы дипломмен марапатталды.