Құқық қорғаушылардың тынымсыз тірлігі әсте таусылған емес. Соның ішінде қызығынан қиындығы басым, әділдік пен адалдықты ту еткен, тәртіптілікті ұстанатын тергеу бөлімі қызметкерлерінің жұмысы зор жауапкершілік жүктейді. Тергеу саласында кәсіби шеберлігі шыңдалған майталман және жас мамандардың Отанына адал қызмет етіп, алдыңғы сапта жүруі-зор мерей. Тергеу бөлімінде жетістігі мол, жұмыс көрсеткіштері жоғары, ұжымына мақтаулы жастар бар.
Солардың бірі- Наталья Габдулина. Наталья Юрьевна бүгін ертелетіп қызметіне келіп кірісті. Оның жауапкершілігіне жүктелген, тергеуді қажет ететін 2-3 қылмыстық іс бар. Ұжымында беделге ие, ілтипатты мінезімінен сыйлы, ұяң қалпымен көз сүйсіндіретін тергеуші Наталья 2016 жылы Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Алматы академиясын тәмамдаған. 2016 жылдың мамыр айында Орал қ.ПБ тергеу бөлімінің тергеуші лаузымына тағайындалып, сол күннен бері осы бөлімнің ауыртпалығын бір кісідей көтеріп келеді. Табандылығы мен жауапкершілігі зор Наталья Юрьевнаның шені- полиция капитаны, бөлімнің аға тергеушісі. Көп ретте жеке адамға қатысты, жеке мешікке қатысты қылмыстарды тергеп, ақ пен қарасын жіктейді.
-Бір айда 5-6 қылмыстық істі тергеп аяқтаймын. Қылмыстың ақ пен қарасын ажыратып, астарлы ақиқатқа үңілу тергеушілерден асқан біліктілікті талап етеді. Ендеше тергеушілер бұл жағынан олқылыққа жол бермейді. Қылмыстық оқиға орнына бару, ол жерді тергеп-тексеру, куәгерлермен сөйлесу, қылмысқа мінездеме беру-мұның бәрі тергеушілердің борышы. Тергеушілердің қараған істері прокуратураға жіберіледі. Ал, прокуратурадан сотқа жолданады. Содан соң тергеушілер қозғаған қылмыстық іс бойынша адам тағдыры талқыға түседі. Осынау қарбалас қызметте тәжірибелі әріптестеріммен қоян-қолтық жұмыстанамын,- дейді Н.Габдулина.
Жауапкершілігі мол міндеттің жүгін арқалап жүрген аға тергеуші Наталья Юрьевнаның тергеуші лауазымын атқарғанына биыл бес жыл болды. Салтанат Темірбекова есімді жас маманың тәлімгері болып бекітілді.
Наталья Юрьевна –қызметте аға тергеуші, ұжымының мақтанышы, отбасында –сүйкімді адал жар, баласының –анасы, қазақтың инабатты келіні. Қазақтың келіні Наталья қазақ халқының қонақжай, ілтипатты, жәйлі және көпшіл мінезіне сүйсінеді. Әсіресе, қонақ қарсылаудағы шеберлік пен сыйластық таныту, құдасын құрметтеп, төрге жайғастыру, жайнатып мол дастархан жаю сынды қасиеттерге бас иеді. Осынау кеңпейілділікті бойға сіңіріп, салт-дәстүрімізге әжептәуір төселген Наталья Юрьевна қазақ халқына сансыз алғысын айтып, достық пен ынтымақтастықтың өрлеуін тілейді.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі