Өңір басшысы есептік кездесуінде 2020 жылы білім беру саласы бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталды
Өткен жылдың басында өңірде 7 үш ауысымды мектеп болатын. Қазіргі таңда Орал қаласындағы 450 орындық және Зачаган кентінде 900 орындық мектептің пайдалануға берілуі есебінен 4 мектептің мәселесі шешілді. Сонымен бірге, биыл Орал қаласының №18 мектебінің құрылысы басталатын болады. 2020 жылы апатты жағдайдағы мектептерді жою мақсатында, Ақжайық ауданында 100 орындық интернатымен 300 орындық мектеп-гимназиясы пайдалануға берілді. Сонымен қатар, Казталов ауданында 600 орындық, Сарықұдық ауылында 60 орындық және Орал қаласындағы 300 орындық №33 орта мектептің құрылысы жүргізілуде.
Үш ауысымдылық және апатты жағдайдағы мектептер мәселесін шешу үшін жеке инвесторларды тарту жұмыстары жүргізуде. Қазіргі таңда, жеке инвесторлар Орал қаласындағы №31 және Зачаган кентінде №52 орта мектептерінің құрылысын жүргізуде. Сондай-ақ, басқа да инвесторлар биылғы жылы мектеп салуға ниет білдіріп отыр. Өткен жылы 28 мектеп пен 2 балабақшаға күрделі жөндеу жүргізілді. Осы жұмыстардың 85%-ы ауылдық жерлерде атқарылды.
2020 жылы жеке инвесторлар есебінен 1 университет және 3 колледж студенттеріне арналған 1 мыңға жуық орны бар жатақханалардың құрылысы басталып, біреуін пайдалануға берілді. Бұл жергілікті бюджеттің 6,5 млрд. теңге қаражатын үнемдеуге мүмкіндік берді.
Өскелең ұрпақтың терең білім алуына жағдай жасау үшін республикалық физика-математика мектебініңфилиалы 1-2 сынып оқушыларын биылдан бастап қабылдайтын болады