Мемлекет Басшысының тапсырмасымен эпидемияға қарсы шараларға қатысқан 14 мыңнан астам маманға 3,5 млрд. теңге көлемінде қолдау көрсетілді. Қызметте ерен еңбегімен көзге түскен 15 медициналық қызметкер «Парасат», «Құрмет», «Ерен еңбегі үшін», «Шапағат» сияқты орденмедальдармен наградталды.
Өңірде медицина кадрлары мәселесі күрделі болып отыр. Өкінішке орай, дәрігер кадрларының тапшылығы 277 бірлікті құрайды(оның ішінде қалада-173, ауданда-104). Дегенмен, 2019 жылмен салыстырғанда 10%-ға төмендеу байқалады. 2020 жылы облысқа барлығы 106 түлек келді.
Өңір дәрігерлері қиын оталарды жасау бойынша тәжірибе жинақтау үстінде.Мысалы, қалалық көпбейінді ауруханада алғаш рет инсульт алды күйдегі науқастардың ми артерияларына өте күрделі оталар жасалды. Ал кардиологиялық орталықта алғаш рет жаңа босанған науқастың қолқа клапанын ауыстыруотасы сәтті іске асты.
Медициналық инфрақұрылымды жақсарту мақсатында, Президент тапсырмасымен, 3 ай мерзім ішінде жаңа модульді инфекциялық аурухана тұрғызылып, халыққа қызмет көрсетіп жатыр. 2020 жылы 1,7 млрд. теңгеге 15денсаулық сақтау нысанына күрделі жөндеу жүргізілді. Тұңғыш Президент қорының қолдауымен облыстық балалар көпбейінді ауруханасында жабдықталған балалар оңалту орталығы ашылды. Сондай-ақ, 37 бірлік санитарлық автокөлік сатып алынып, жедел жәрдем автокөліктері 100-ге дейін ұлғайды.
Ауыл тұрғындарына медициналық көмектің қолжетімділігі үшін облысқа 9 бірлік жылжымалы медициналық кешендер сатып алынып аудандарға таратылды.