Бүгінгідей маңызды күнде қала тұрғындары таңнан бері сайлау учаскелеріне келіп, өз таңдауларын жасауда.
Солардың бірі — “Күміс алқа иегері”, көпбалалы ана Сабира Ералиева.
- Осындай еліміз үшін маңызды күнде өз сайлау учаскеме келіп, дауысымды бердім. Мен 6 баланың анасымын, «Күміс алқа» иегерімін. Бүгінде мемлекет тарапынан көпбалалы аналарға өте жақсы көңіл бөлінуде. Мемлекеттік жәрдемақыны тұрақты алып отырамын. Соған қарамастан өз бетіммен еңбектену үстіндемін. Елімізде барлық жағдай жасалып тұрғанда, соны іске асыра білу керекпіз деп ойлаймын, — деді Сабира Рамазанқызы.
№472 сайлау учаскесіне осы уақытқа дейін 70-ке жуық сайлаушы келіп, таңдау жасаған. Аталмыш сайлау учаскесінің төрағасы Михаил Горловтың айтуынша, ауа райының қолайсыздығы тұрғындардың ерте келуіне кедергі келтірген сыңайлы. Алайда учаске маңайы қар мен мұздан дер кезінде ашылуда екен.