Орал қаласының әкімі сайлауда дауыс берді


Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков Парламент Мәжілісі мен мәслихат сайлауында дауыс берді. Шаһар басшысы №42 «Ақ ниет» гимназиясында орналасқан №454 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

Қала әкімі бүгінгі саяси оқиғаның маңыздылығына тоқталды.

— Бүгін Қазақстан Республикасы үшін, егемен еліміз үшін тарихи маңызды күн. Бәріміздің басты мақсатымыз — өзіміздің болашағымыз үшін, тәуелсіз еліміздің өркендеуіне осы сайлауда дауыс беру. Қазақстандықтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған тиісті әрі нақты мемлекеттік бағдарламалардың қабылдануына, ел дамуына, әлеуметтік-саяси мәселелердің дұрыс шешім табуы үшін өз дауысымызды беріп жатырмыз. Сондықтан бүгінгі әр сайлаушының дауысы өте маңызды, — деді.

Бүгін Орал қаласы бойынша барлығы 123 сайлау учаскесі ашылып, таңғы сағат 07:00-ден бастап сайлаушыларды қабылдауда.

  • Бүгінгі саяси науқанда тұрғындар белсенділік танытуда. №454 сайлау учаскесі таңғы сағат 07:00-ден бастап өз жұмысын бастады. Екі сағат ішінде 90-нан аса сайлаушы өз дауысын берді. Жалпы бұл аудан бойынша барлығы 2505 адам осы сайлау учаскесіне тіркелген. Сонымен қатар байқаушыларымызда  жағдайды жіті бақылауда. Барлық санитарлық жағдайлар сақталып, сайлаушылар кезек сақтап, дауыс беруде,-деді №454 сайлау учаскесінің төрайымы Гүлнара Атауова.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *