Бүгін «Birgemiz» волонтерлер республикалық Фронт-офисінде Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың, облыс әкімдерінің және 17 өңірден келген волонтерлердің онлайн форматта «Волонтер жылының» ресми жабылуы өтті.
Президент бүкіл Қазақстан волонтерлерінің қызметін жоғары бағалап, волонтерлерге қоғамның дамуына баға жетпес үлес қосқаны үшін алғысын айтты.
Іс-шара барысында «Жыл волонтері» және «Жомарт жүрек» Халықаралық сыйлықтары ресми түрде тапсырылып, иелері марапатталды. Жеңімпаздарға жылы тілектер мен ақ жарма құттықтаулар легі айтылды.
Волонтер жылының аяқталуына қарамастан Қазақстандағы волонтерлік қозғалыс қарқын ала бастады. Бұл сіздердің еңбегіңіз. Жанқиярлық пен осы әлемді жақсартуға деген ықыласыңыз үшін рахмет. Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаныңыз үшін алғыс айтамыз,-деді Батыс Қазақстан облысы әкімдігі жанындағы облыстық жастар ресурстық орталығы мен Орал қалалық жастар ресурстық орталығының басшылары.
Сыйлық қоғамға бағытталған әлеуметтік пайдалы міндеттерді шешуде өз үлесін қосқан волонтерлерге, волонтерлік топтарға, волонтерлік ұйымдар мен халықаралық волонтерлік ұйымдарға беріледі.
Осынау әдемі жиын, салтанатты марапатқа қатысқан Орал қ.ПБ ЖПҚб Ювеналды полиция бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Мадина Құспанова «Құқық бұзушылық құрбандарына көмек көрсетуге белсенді қатысқаны үшін» номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Мадина Ерқуатқызына Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиев номинацияны салтанатты түрде тапсырып, жеңісімен құттықтады.
Әріптесіміздің жеңісі құтты болсын. Ел игілігі жолындағы қызметтеріңізде толағай табыс тілейміз!
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі