2020 жылдың 8-11 желтоқсан аралығында Орал қаласы аумағында өткізіліп жатқан «Борышкер» ЖАІШ-нің бір күнгі жұмысының нәтижесі белгілі болды.
Әкімшілік айыппұлдарды уақтылы төлеуде әкімшілік құқық бұзушылық істері бойынша қаулылардың мүлтіксіз орындалу қағидатын қамтамасыз ету мақсатында 2020 жылғы 8-11 желтоқсан аралығында Орал қаласы аумағында «Борышкер» ЖАІШ өткізілуде. Ағымдағы жылғы 11 ай ішінде 47 953 материал бойынша жалпы сомасы 469 млн. 538 тыс. 254 теңгеге айыппұл салу туралы қаулы шығарылды, оның 36 597 материал бойынша 319 млн. 501 тыс. 502 теңгесі өндіріліп алынды. Бүгінгі күні 11 356 әкімшілік материал бойынша 150 млн 036 мың 752 теңге айыппұл төленген жоқ, яғни жалпы айыппұлдар сомасының 24,6% құрайды.
Сонымен қатар, төленбеген әкімшілік айыппұлдар бойынша боыршкер азаматтардың автокөліктері арнайы тұраққа қойылатынын, сонымен қатар банктік шоттарына шектеу қойылатыны хабарлаймыз.
Орал қалалық ПБ ӘПб баспасөз қызметі