Қаржы саласының мамандары марапатталды

Бүгін Орал қаласының әкімі Абат Шыныбеков қаржыгерлерді Ұлттық валюта күнімен құттықтады.

Осыдан 27 жыл бұрын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті «Ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды. Содан бері төл теңгеміз еліміздің экономикасының алға өркендеуіне қызмет етіп келеді.

Қала әкімі Абат Абайұлы сала мамандарын кәсіби мерекелерімен құттықтап, қаржылық қызметте тұрақтылық пен еңбектеріне жеміс тіледі.

Жыл сайын елімізде 15 қараша — ұлттық валюта күні және Қазақстан Республикасының қаржы саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі аталып өтіледі. Осындай жетістікке жетуге, тәжірбиелі, жоғары білікті мамандар қызмет етіп, қаламыздың қаржы саласының дамуында зор еңбек сіңіріп келеді. Себебі сіздердің тәжірибелеріңіз, кәсіби шеберліктеріңіз қаламыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуда. Сіздерді осы қос мерекемен шын жүректен құттықтаймын! — деді.

Шара барысында Ұлттық валюта күніне орай, Орал қаласының әкімдігінің қаржы мамандары алғыс хаттармен марапатталды.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *