Атам қазақ «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деп бекер айтпаса керек. Ақжайықтардың игі бастамасы көпке үлгі болды. ҚМДБ-ның БҚО бойынша өкілдігінің бастамасымен облыстың жомарт азаматтардың қолдауымен облыстық аурухана мен Ақжайық, Бөкей-Орда аудандарына төрт дана оттегі концентраторын сыйлады.
Алдымен ҚМДБ-ның БҚО бойынша бас имамы Мұратбек Қыстаубаев сөз алып, игіліктің істің жанашыры болған азаматтарына ризашылығын білдірді.
Құрылғының ерекшелігі ауаны тазалап, науқасқа қажетті оттегін реттеп беріп отырады. медицицна мамандары аппараттардың дертке шалдыққан жандар үшін тиімді екенін айтып отыр. Бұл бастама өте сауапты істердің бірі, -дейді Орал орталық мешітінің наиб имамы Самат Әлибаев.
Жаны жомарт жандардың арқасында тыныс алу аппараттарына қол жеткізген жергілікті дәрігерлер халық денсаулығы жолында аянып қалмайтындарын жеткізді.
Сонымен қатар «Қайырымдылық керуені» акциясы аясында Орал шаһарында 25 отбасы мен Ақжайық аудандағы 15 отбасына азық-түлік үлестірілді
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз қызметі