Сыбайлас жемқорлық-қоғам дерті, жең ұшынан жалғасқан сыбайлас жемқорлықпен күрес бағытында біреше ауқымды іс-шаралар жүзеге асырылса да, осынау кереғар көріністердің қоғамда қылаң беретіні жасырын емес. Пара беру де, пара алу да үлкен күнә, ауыр қылмыс.
Қазіргі таңдағы аса күрделі мәселелердің бірі-жемқорлық. Жемқорлық мәселесі әлемдік деңгейдегі мемлекет дамуына кері әсерін тигізіп отырға жағымсыз құбылыс. Сыбайлас жемқорлықпен күресті қоғам болып жүргізудің маңызы зор.
2020 жылғы 18 қазанда Орал қаласында полиция қызметкерлеріне пара беруге қатысты 2 дерек тіркелді.
18 қазанда түнгі сағат 00.30 шамасында 1976 жылғы Ақтөбе қаласының тұрғыны С.есімді азамат «МАЗ»-маркалы көлігін «Ел ырысы» базарының аумағындағы «Тоқтап тұруға тыйым салынады» жол белгісінің тұсына қойған. Осы аймақта қызмет сапында жүрген Орал қалалық ППБ взвод командирі жүргізушіге жол тәртібін бұзғаны туралы ескерту жасап, хаттама толтырылатынын ескерткенде хаттама толтырмауы үшін 1 000 теңге номиналмен 2 000 теңге пара ұсынған.
Ал дәл осы күні күндізгі сағат 10.55 шамасында 1957 жылғы Бәйтерек ауданының Р.есімді тұрғыны «Ауди» маркалы көлігін жүргізіп келе жатып, жол ережесін бұзды. Ол Шолохов көшесі бойымен қозғалып, Циолковский көшесімен қиылысар тұста бағдаршамның тыйым салынған белгісіне мән бермеген. Көп ұзамай Орал қалалық ПБ ППБ инспекторлары жол жүру ережесін бұзған жүргізушіні тоқтатқанда, ол әкімшілік хаттама толтырмауы үшін тәртіп сақшысына 5000 теңге пара ұсынған.
Жоғарыда көрсетілген пара беру фактілеріне кінәлі тараптар айыптарын мойындады.
Ағымдағы жылдың басынан бері Орал қалалық ПБ және БҚО ПД ӨҚБ қызметкерлерімен бірлесіп, Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 367-бабы бойынша пара берудің(облыс бойынша) 33 фактісі анықталды.‘