Жол жүру ережелерін көп ретте бастауыш сынып оқушыларына отбасында ата -анасы, аға- әпкесі, білім нәрін себетін ортасы- мектебінде әлбетте, сынып жетекшісі мен мектеп инспекторлары үйретеді.
Бүгін кезекті «Балалар, жолда сақ бол» атауымен танымдық тәрбие сағаты қаладағы жалпы білім беретін №5 орта мектеп оқушыларына өткізілді. Мектеп инспекторы, полиция аға лейтенанты Әйгерім Мунтиева бастауыш сынып оқушылары назарына жол жиегіне орнатылған жол қозғалысын реттейтін белгілерге тоқталып, көлік ағыны толастамайтын әрі кең көшелерде орнатылған белгілерге жеке дара сипаттама берді.
Одан әрі сыныпқа кірген соң сұрақтар таратып, оқушылардың танымдық қабілеттерін тексерді. Жол белгілеріне қатысты тәрбие сағатында оқушылардың құқықтық сауаттылығы артып, көпшілігі дұрыс жауаптар қайтарды.
Бұндай тәрбие сағаттары барлық мектептерде өтеді деп жоспарланған.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі