Жасөспірімдер тарапынан тіркелетін ұсақ құқық бұзушылықтар мен қылмыстарға тосқауыл қою, алдын алу бағытында Шаған полиция бөлімі біркелкі іс- шараларды атқаруда.
Алайда, «ауыл ішінде бір тентек жүреді» деген ауыл ақсақалдарының сөзіне сүйенсек, жас жеткіншектер қызбалық пен жастық желеуімен тентектік жасап қояды. Шаған Пб-іне қарасты «Балалар ауылы» бар. Осы мақсатта орталықтың педагогикалық ұжымы, психологтары мен мектеп инспекторлары талмай еңбек етуде.
Осы жылдың 9 айында «Балалар ауылының» тәрбиеленуші 4 жеткіншегі тарапынан 9 қылмыс тіркелді. Осындай теріс қылықтарға ерте бастан тосқауыл қою, ішкі дүниесін тыңдап еркін сөйлесу, зейіндерін байқау, тіл табысу мен достыққа шақыру мақсатын көздеген кездесу 2020 жылғы 19 қазанда «Балалар ауылында» өтті. «Жасөспірім тәрбиесінің тамыршысы кім?» деген тақырыппен өткен кездесуде алғаш сөз алған Шаған Пб ЖПҚб бастығының орынбасары полиция капитаны Б.Жакиев шағын мәлімет жасап, ұрлық, алаяқтық, тонау қылмыстарына жол берілмеуін талап етті. Жасөспірімдердің сұрақтарына жауаптар берді.
Одан әрі Шаған Пб ЖПҚб инспекторлары полиция капитандары А.Ишпанов пен М.Утепова сауалнама таратып, жасөспірімдердің ойларына құлақ түрді.
Жуықта мектеп инспекторлары есепке қойылған жасөспірімдердің ойын бөлу, бойларын бір ауық сергіту мақсатында зоопарк пен демалыс саябақтарына апарып, қыдыртуды жоспарлады.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі