Орал қаласында 17 шілдеде күні 2-ші саяжай аумағындағы «Урожайный» және «Энергетик» бау-бақша қоғамынан 5 км жердегі 8 гектар орман алқабы және 17 гектар алқаптағы құрғақ шөп жануы салдарынан өрт шықты.
Қатты жел мен ауаның жоғары температурасына қарамастан, өрт сөндірушілер саяжай алқабында орналасқан үйлерге оттың таралуына жол бермеді. Жедел әрекету ету арқасында құрбан болғандар мен зардап шеккендер жоқ.
БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәлімет бойынша өрт сөндіру жұмыстарына 79 қызметкер, 18 бірлік техника тартылған. Сонымен қатар, ерікті өрт сөндіру құрылымынан 9 адам, 9 бірлік техника , орман шаруашылығы 8 адам 1 бірлік техника, БҚО полиция Департаментінен 6 қызметкер 3 бірлік техника жұмыс атқарды.
Саяжай маңын шарпыған өрт таңғы сағат 07.40-та ауыздықталған. Алайда, тілсіз жаудың қатері жойылмаған.
Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ