Ақжайық өңірі қуанышты хабармен қауышты. Жалпақтал ауданы, Ақпәтер ауылында қасиетті жұмада жаңа мешіттің қазығы қағылып, игілікті рәсімі өткізілді.
Халық игілігіне берілетін жаңа мешіттің құрылысы асыл дінімізге жанашыр, жомарт қолды азамат, Қазақстандық танымал сатира әктері, «Әзіл Әлемі» әзіл-сықақ театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Қабатов Тұрсынбек Аманғалиұлының демеушілігімен жүргізілетін болады.
Аталмыш шараға Ақпәтер ауылының тумасы, дінтанушы, ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы Нұрлан Қабыкешов, облыс имамдарының кураторы, Жалпақтал ауылдық мешітінің бас имамы Тілепберген қажы Нұрәлиев Құран оқып, құрбан шалынып жүрекжарды тілегін жеткізді.
Жиынға ауыл әкімі Нұрхат Сатыбалдыұлы, самбодан әлем чемпионы Нұрбол Серіков, ауыл ақсақалдары арнайы қатысып, сөз сөйлеп, игі қуанышпен бөлісті.
Нұрлан САМАТҰЛЫ,
ҚМДБ-ның БҚО бойынша баспасөз хатшысы