БАТЫС ҚАЗАҚСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ӨҢІРЛІК КЕҢЕСІНІҢ ҚҰРЫЛУЫ


Батыс Қазақстан облысының Кәсіпкерлер палатасы Өңірлік кеңесінің мүшелігіне үміткерлерден онлайн/офлайн нысанда өтініш қабылдау ағымдағы жылдың «7» шілдесінен басталады.
Өңірлік кеңеске мүше болғысы келетін үміткер келесі талаптарға сай болуы керек:
Қазақстан Республикасының азаматы болу;
Өңірдің әлеуметтік-қоғамдық қызметінде белсенді қатысушы болу;
Кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
Аймақта көпке танымал болу;
Кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделді, танымал болуы;
Бизнесінің тарихы жақсы болу;
Әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
Облыстық, (қалалық, аудандық) мәслихаттардың депутаты болу (құпталады);
Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы;
Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
Өңірлік кеңеске мүшелікке үміткерді ұсыну үшін кәсіпкерлік субъектісі келесі талаптарға сай болуы керек:
1) Тиісті өңірде кемінде 3 (үш) жыл кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру;
2) Үш айдан артық мерзімде салықтық берешегінің болмауы;
3) Банкроттық немесе тарату тәртібіне жатпау;
4) Соңғы үш жылда міндетті мүшелік жарна төлеуде берешегінің болмауы.
Өңірлік кеңеске мүшелікке үміткерді ұсыну үшін ассоциация (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйым келесі талаптарға сай болуы керек:
1) Үш айдан аспайтын мерзімде салықтық берешегінің болмауы;
2) Банкроттық немесе тарату тәртібіне жатпау;
Кәсіпкерлік субъектілерінен Өтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:
1) Жеке кәсіпкердің, кәсіпкерлік субъектісінің бірінші басшысы немесе атқарушы органның мүшелерін, немесе акционерін, қатысушысын Өңірлік кеңеске мүшелікке үміткер ретінде ұсыну өтініші.
2)Дербес мәліметтерді тексеруге келісім беру өтініші;
3) Кәсіпкерлік субъектісінің жарғысының және/немесе құрылтайшы келісімшарттарының көшірмесі (бар болған жағдайда);
4)Кәсіпкерлік субъектісінің мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің/мемлекеттік тіркелуі туралы анықтаманың көшірмесі;
5) Үміткердің резюмесі немесе биографиялық мәліметтері;
6) Үміткердің бірінші басшы ретінде лауазымын растайтын құжат;
7)Үміткердің атқарушы органның мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжат;
8) Үміткердің жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;
9) Үш айдан аспайтын мезімде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы туралы белгіленген нысандағы анықтама;
10) Кәсіпкерлік субъектісінің қатысушылары туралы белгіленген нысандағы анықтама (тіркелген заңды тұлға, филиал немесе өкілдік туралы анықтама немесе Бағалы қағаздарды бірыңғай тіркеушіден анықтама(тек акционерлік қоғамдар үшін)
11) Үміткердің соттылығының болмауы (заңнамалық негізде өтелгені немесе алынып тасталғаны) туралы белгіленген нысандағы анықтама.

Ассоциациядан (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымнан ұсынылатын үміткерлерденӨтінімді қарастыру үшін қажетті құжаттар:
1) Ассоциацияның (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның бірінші басшыны немесе атқарушы органның мүшесін Өңірлік кеңеске мүшелікке ұсынатыны туралы өтініші;
2) Дербес мәліметтерді тексеруге келісім беру өтініші;
3) Ассоциацияның (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның жарғысының және/немесе құрылтайшы келісімшарттарының көшірмесі (бар болған жағдайда);
4) Ассоциацияның (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның мемлекеттік тіркелу туралы куәлігінің/ ассоциацияның (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның мемлекеттік тіркелу туралы анықтамасының көшірмесі(бар болған жағдайда);
5) Үміткердің резюмесі немесе биографиялық мәліметтері;
6) Үміткердің бірінші басшы ретінде немесе атқарушы органның мүшесі ретінде лауазымын растайтын құжат;
7) Үміткердің жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;
8) Үш айдан аспайтын мезімде салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешегінің болмауы туралы белгіленген нысандағы анықтама;
9) Ассоцияцияның (одақ), өзін-өзі реттейтін ұйымның кәсіпкерлердің құқығын қорғаудағы, заң шығарудағы, мемлекеттік органдардың жанынан құрылған сарапшылар кеңесіне, консультативтік-кеңесу органдарына, жұмысшы топтарындағы кәсіпкерлік субъектілерінің мүддесіне қатысты оң қызметтерін растайтын құжаттар;
10) Үміткердің соттылығының болмауы (заңнамалық негізде өтелгені немесе алынып тасталғаны) туралы белгіленген нысандағы анықтама;

Өңірлік кеңес дегеніміз не?
Өңірлік кеңес Өңірлік палатаның бақылау органы болып табылады және Съезд бекіткен тәртіппен кәсіпкерлік субъектілерінің делегаттарынан, сондай-ақ Съезд әрбір облыс, республикалық маңызы бар қала және астана үшін саралап белгілеген квота шегінде кәсіпкерлік қызмет саласындағы өзін-өзі реттейтін ұйымдар, қауымдастықтар (одақтар) өкілдерінен құрылады.
Өңірлік кеңес мүшелері өз қызметін ақысыз негізде жүзеге асырады.

Өңірлік кеңестің құзыреті:
1) Өңірлік палата дирекциясына мемлекеттік билік органдарымен, үкіметтік емес, қоғамдық және халықаралық ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауға жәрдем көрсетеді;
2) басқару органдары қабылдаған бағдарламалық құжаттарды іске асыруға жәрдемдеседі;
3) Өңірлік палата және өңірлік палаталар филиалдарының қызметі шеңберінде Ұлттық палата міндеттерінің орындалу барысын және мақсаттарға қол жеткізуін бақылайды;
4) Өңірлік палаталардың ағымдағы қызметінде экономиканың нақты салалары мен секторларының мүдделерін есепке алуды қамтамасыз етеді;
5) Съезге Ұлттық палата қызметінің тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар енгізеді;
6) Өңірлік палаталар мен өңірлік палаталар филиалдары басшыларының кандидатураларын тағайындау үшін келіседі;
7) кәсіпкерлік мәселелері бойынша қоғамдық тыңдаулар өткізеді;
8) Өңірлік палатаның жарғысына сәйкес өңірлік кеңеске жүктелген өзге де мәселелерді шешеді.

Өңірлік кеңес мүшелерінің құқықтары:
1) Өңірлік кеңестің құзыретіне жатқызылған мәселелер бойынша талқылауға және дауыс беруге қатысу;
2) Өңірлік кеңес отырысының күн тәртібін қалыптастыру мәселелері бойынша өтініш жасау, ұсыныстар енгізу;
3) Өңірлік кеңестің жұмыс жоспарларын қалыптастыру бойынша жазбаша ұсыныстар енгізу;
4) осы Ережеде көзделген тәртіппен Өңірлік кеңестің отырысын шақыруды талап ету;
5) Өңірлік палатаның басқару органдарынан және оның филиалдарынан, Ұлттық палатаның және (немесе) өңірлік палатаның құрылтайшы ретінде қатысатын заңды тұлғалардан олардың қызметін жүзеге асыруға байланысты ақпаратты сұрату және алу;
6) Өңірлік кеңес отырысының хаттамасына Өңірлік кеңес отырыстарының күн тәртібі мәселелері бойынша қабылданатын шешімдер туралы өзінің ерекше пікірін енгізуді талап ету;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасында, Өңірлік палатаның Жарғысында және Өңірлік кеңес туралы Ережеде көзделген өзге де құқықтарды жүзеге асыру.

Өңірлік кеңес мүшелерінің міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының заңнамасын сақтау;
2) Өңірлік палатаның мүддесінде және Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған Өңірлік палата қызметінің мақсатын, міндеттері мен қағидаттарын сақтай отырып адал, орынды әрі әділ әрекет ету;
3) Өңірлік палата Жарғысы мен ішкі құжаттарының ережелерін, соның ішінде іскерлік әдеп және мүдделер қақтығысы мәселелері бойынша ережелерді сақтау;
4) Өңірлік кеңестің отырыстарына қатысу;
5) Өңірлік кеңес хатшысын отырысқа өзінің қатысуының мүмкін еместігі туралы себептерін көрсете отырып, алдын ала хабардар ету;
6) Өзінің лауазымдық жағдайын (Өңірлік кеңестің мүшесі ретінде) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келетін мақсаттарда пайдаланудан бас тарту.

Құжаттар 07.07.2020–15.07.2020 жж. : vote.atameken.kz, сайтында жане де
БҚО, Орал қаласы, Исатай-Махамбет к., 84, 3 қабатында қабылданады.

Барлық сұрақтар бойынша мына телефонға хабарласыңыз:
8 7112 243095, 8 705 872 55 60.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *