7 шілде күні Өңірлік кәсіпкерлер палаталары жанындағы Өңірлік кеңестерге мүшелерді сайлау басталады


Өңірлік кеңестерге кандидаттардан өтініш қабылдау 7 шілдеде басталады. Құжаттарды офлайн нысанда кәсіпкерлер палаталарына, немесе онлайн нысанда vote.atameken.kz сайты арқылы жіберуге болады.
Кандидаттар өңірде тіркелген кәсіпкерлер, сондай-ақ өзін-өзі реттейтін ұйымдар мен ӨКП-да аккредиттеуден өткен қауымдастықтардың бірінші жетекшілері немесе қауымдастықтың орындаушы органының мүшелері арасынан сайланады.
Өңірлік кеңес мүшелігіне үміткер келесі талаптарға сәйкес келуі тиіс:
• Қазақстан Республикасының азаматы болу;
• өңірдің әлеуметтік-қоғамдық өміріне белсенді қатысушы болу;
• кәсіпкерлер арасында пікір көшбасшыларының бірі болу;
• өңірде жария тұлға болу;
• кәсіпкерлер арасында және қоғамда оң беделге ие болу;
• бизнесінің тарихы оң болуы;
• әлеуметтік жауапты кәсіпкер болу;
• облыстық, қалалық мәслихаттардың депутаты болуы құпталады;
• Заңмен белгіленген тәртіпте өтелмеген немесе алынбаған соттылығының болмауы.
7-15 шілде аралағында кандидаттарды таныстыру, ары қарай 16-19 шілде аралығында үгіт-насихат жұмыстары басталады, ал дауыс беру онлайн режимде 20-22 шілде аралығында өтеді.
Облыстық кеңестің 60%-ы облыс орталығындағы кәсіпкерлік субъектілерінен және Өңірлік палатада аккредиттеуден өткен қауымдастық(одақ), өзін-өзі реттеуші ұйымдардан, ал 40%-ы аудандардағы кәсіпкерлік субъектілерінен құралады.
Толық ақпарат vote.atameken.kz сайтында жарияланған, сондай-ақ сайлау жайында ақпаратты 1432 колл-орталығынан алуға болады.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *