Облыс мектептерінде биыл 371 түлек – «Алтын белгіге» үміткерлер қатарында.
Мектеп бітірушілер арасында жақсы мінез-құлық танытқан және 5-11 (12) сыныптар аралығында барлық пәндерден жылдық және қорытынды бағалары «5» болған, жалпы орта білімі бойынша қорытынды аттестаттаудан «5» деген бағаға өткен 11 (12)-сынып оқушыларына жалпы орта білім туралы «Алтын белгі» аттестаты және «Алтын белгі» белгісі беріледі.
Мектеп түлектері биыл төтенше жағдайға байланысты мемлекеттік қорытынды аттестаттау емтихандарын тапсырмайды. Ал аттестатқа жылдық қорытынды баға түседі. «Алтын белгі» иегерлері де жылдық қорытынды баға негізінде нақтыланады.
Айта кетейік, биыл облыста 5142 түлекке аттестат табысталады деп күтілуде.
БҚО білім басқармасы баспасөз қызметі