Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы айтты деп жазады BAQ.KZ сайты.
Дінбасының айтуынша, еліміздегі барлық мешіттер арнайы санитарлық талаптарды сақтай отырып ашылады.
Қасиетті кітабымыз Құранда: «Расында, қиындықпен бірге жеңілдік бар. Алла сендерге жеңілдік қалайды» делінген. Міне, Аллаға шүкір, елімізде төтенше жағдай мерзімі аяқталып, халқымыз қалыпты өмір тіршілігіне ауыса бастады. Алайда карантин режімінің талаптарын қатаң сақтап, сақтық шараларына аса мән беруіміз қажет, – деді бас мүфти.
Сондай-ақ осы уақыттан бастап мұсылман қауымының жеке құлшылық жасауына, Құран оқытып, неке қидыруына болады. Ал жамағатпен оқылатын намаздардың мерзімін алдағы уақытта қосымша хабарлайтын боламыз. Жеке құлшылық кезінде, Құран оқыту, неке қидыру рәсімі барысында карантин талаптарын қатаң ескерулеріңізді сұраймыз. Өзімізге қамқорлық – өзгелерге қамқорлық екенін естен шығармайық, – деді ҚМДБ төрағасы.
Өз тілшіміз