Самбодан төрт дүркін әлем чемпионы Ерболат Байбатыров жаңа қызметке тағайындалды.
Батыс Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Қаймен Есендияровтың бұйрығымен Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің директоры лауазымына Ерболат Байбатыров тағайындалған.
Ерболат Сағатұлы еңбек жолын 2009 жылы Жекпе-жек спорт түрлерінен олимпиада резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінде самбодан жаттықтырушы болып бастаған.
2009-2013 жылдары Қазақстан Ресубликасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметінде әскери қызметін өтеген.
2013-2018 жылдары Батыс Қазақстан облысының Ішкі істер департаментінің қызметкері сонымен қоса осы
2013-2018 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің Ұлттық штаттық командалар және спорт резерві дирекциясында самбодан спортшы-нұсқаушы лауазымында жұмыс істеді. 2018 жылдан күні бүгінге дейін Ұлттық спорт түрлері бойынша облыстық балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің оқу-спорт жұмыстары бойынша директордың орынбасары қызметін атқарған.
Ерболат Байбатыров самбодан Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, төрт дүркін әлем чемпионы атанған жалғыз қазақстандық палуан.
Жолдасы екеуі екі ұл, екі қыз тәрбиелеп отырған көпбалалы отбасы.