Жаз мезгілінде адамдар табиғат аясына демалуға шығады. Балалардың көптен күткен жазғы демалыстары басталады. Бір өкініштісі, осы уақытта адамдар арасында жарақат алу, суда қаза болу, жол-көлік оқиғалары, тұрмыстық және табиғи өрттер өршиді.
Балалар жарақаты Қазақстанда ғана емес, әлем елдерінің кең көлемдегі әлеуметтік мәселесіне айналды. Бұны түрлі жарақаттардан балалар өлімінің жоғары деңгейлігінен көруге болады. Қаза болудың негізгі себебі – балалардың ата-анасының қарауынсыз қалуынан.
2019 жылы облыс аумағында көппәтерлі тұрғын үйлер терезесінен балалардың құлауының жеті фактісі тіркелді. Биыл осындай екі жағдай орын алды. Балалар жаңа нәрсені білгісі келіп тұрады. Ал терезе – сол ойларын жүзеге асыруға таптырмас мүмкіндік. Соның ішінде ашық терезе – үйдегі ең қауіпті жерлердің бірі. Сондықтан терезе жанына орындық, үстел, тумбочкаларды қоймаған жөн. Төтенше жағдайлардың алдын алу үшін қарапайым, бірақ өмірлік маңызы зор қауіпсіздік ережелерін сақтау қажет:
— ашық терезе немесе балкон жиегіне баланы жақындатпаңыз;- терезе жабылып тұрған кезде де оның алдына балаларды шығармаңыз; — балаларға терезелерді жууға, перделерді ілуге рұқсат етпеңіз.Жоғарыда аталған ережелерді балконға қатысты да сақтау керек.
Жеткіншектердің терезеден және балконнан құлау жағдайын болдырмау үшін келесі кеңестерді есте сақтаңыз.
Сіз терезенің барлық өлшеміне тор орнатсаңыз, ол өрт болған жағдайда тез ашылатындай болу керек. Тор ілгіштермен ашылып, аспалы құлыппен жабылуы тиіс. Кілт еденнен жоғары, терезе жанындағы шегеге жасөспірімдер мен ересектер қажет болғанда терезені тез аша алатындай етіп ілінеді. Терезенің торларын саңылаусыз бітеп тастамаңыз, бұл Сіз үшін тіпті бірінші қабатта да қымбатқа түседі. Торлардың кез келген түрінде темір шыбықтар арасындағы ойық баланың басының көлденең өлшемінің жартысынан (10 см.-ден) аспауы тиіс. Егер бала темір шыбықтар арасына басын сұға алатын болса, мұндай тордың еш пайдасы болмайды.
БҚО ТЖД Зілзалалардың қауіп қатерін азайту және
азаматтық қорғау саласындағы бақылау басқармасы