Ертең мемкомиссия ТЖ режиміне қатысты шешім қабылдайды

ҚР Президентінің баспасөз хатшысы Берік Уәли өзінің Facebook-тегі парақшасында ертең Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған мемлекеттік комиссия мүшелері Төтенше жағдай режиміне қатысты шешім қабылдайтынын жазды деп хабарлайды BAQ.KZ.сайты.

Ертең, яғни 11 мамыр күні Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысын өткізеді. Жиын барысында ел Президенті коронавирустың қазіргі ахуалын саралап, Төтенше жағдай режимі аяқталғаннан кейінгі Үкімет пен басқа да мемлекеттік органдардың алдағы стратегиялық іс-әрекетін айқындайтын мәлімдеме жасауды жоспарлап отыр, – деп жазады Берік Уәли.

Өз тілшіміз

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *