Елде індет жұқтыру жағдайы 2500-ден асты

«Coronavirus2020.kz» сайтының мәліметінше, коронавирус инфекциясын жұқтырған тағы 43 адам тіркелген. Ал біздің облысымызда жұқпалы дерт жұқтыру жағдайы 103-ке жетті.

Соңғы тіркелген жағдайларға тоқталсақ, Алматы қаласында – 2, Маңғыстау облысында – 1, Шымкент қаласында – 15, Түркістан облысында – 5, Атырау облысында – 6, Батыс Қазақстан облысында – 1, Алматы облысында – 13.

Жалпы 2525 науқас тіркелген, олар: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 454 адам, Алматы қаласында – 793, Шымкент қаласында – 161, Ақмола облысында – 88, Ақтөбе облысында – 55, Алматы облысында – 86, Атырау облысында – 104, Шығыс Қазақстан облысында – 16, Жамбыл облысында – 103, Батыс Қазақстан облысында – 103, Қарағанды облысында – 111, Қостанай облысында – 39, Қызылорда облысында – 170, Маңғыстау облысында – 26, Павлодар облысында – 88, Солтүстік Қазақстан облысында – 30, Түркістан облысында – 98.

Батыс Қазақстан облысында жалпы 103 адам аталмыш індетті жұқтырған болса, олардың екеуі бүгінгі таңда емделіп шығып, үйден медициналық бақылауға алынған. Қалған науқастар облыстық жұқпалы аурулар ауруханасында ем алуда.

Бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында болған БҚО тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев:

– Жалпы қазіргі уақытта провизорлық стационарларда – 24, карантиндік стационарда – 110 азамат медициналық бақылауға алынды. Оған қоса 1386 адам үйден оқшауланды, – деген мәлімет айтты.

Ләззат ҚАЖЫМОВА  

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *