ҰБТ тапсыруға онлайн өтінім қабылдау басталды

ҰБТ-ға қатысу үшін өтініштер онлайн қабылданып жатыр. Ол үшін электрондық цифрлық қолтаңба қажет емес деп жазды BAQ.KZ сайты.

Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысу үшін өтініштер алдағы 10 мамырға дейін ent2020.testcenter.kz сайтында онлайн қабылданады. Өтініш берудің жаңа форматы құжаттарды қағаз тасығышта ұсыну қажеттілігінен арылтып отыр.

Айта кеткен жөн, 18 жасқа толмаған тұлғалардың дербес деректерін жинауға және өңдеуге келісімді олардың заңды өкілдері береді.

Техникалық қолдау үшін Ұлттық тестілеу орталығының 8 8000 80 71 77 нөмірі бойынша Call-center жұмыс істейді. Cондай-ақ, info@testcenter.kz қолдау қызметі арқылы хат жолдауға болады.

Дереккөзі: «BAQ.KZ»

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *