Бейбіт өмірде еңбектің көрігін қыздырып, көпке үлгі, кішілерге мақтан тұтар тұлға деп көрсететін жандар ортамызда аз емес. Олар — ұлтының мақтанышы, ұлтының мерейін асырамын деп ел игілігі жолында еңбек етіп келе жатқан жандар.
Бүгін Абай Пб жеке құрамы Батыс Қазақстан облысы «Демеу» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, жеке кәсіпкер, ІІО-ның бұрынғы қызметкері Біржан Қожақовпен кездесу ұйымдастырды. Кездесуде алғаш сөз алған Абай Пб бастығының орынбасары полиция майоры Самиғолла Абдрахманов бұл азаматтың облыс пен қала көлемінде бірнеше үлкен -кіші денсаулығынан кемтар, аурулы, сырқат, көмекке мұқтаж адамдарға ізгілік пен қайырымдылық жасап жүрген жан екенін айтты.
Одан әрі өте жігерлі, еңбекқор, үнемі ізденіс үстінде жүретін, өзінің бастамасымен жеке кәсібін ашқан Біржан Мәлікұлы ішкі істер органында қызмет атқарған уақыты, одан әрі екі аяғынан айырылып, соған да мойымай қиындықтарды жеңіп, бүгінгідей белеске жеткен жолдары туралы баяндады. Ол қазіргі жұмысындағы алға қойған бірнеше жоспар, міндеттерімен бөлісті. Қызметінің жетістіктеріне 2000 жылы Астана қаласында өткен республикалық байқауда дайындаған жобасына жоғары баға беріліп, 2 орын алғандарын, облыс пен қала әкімдігі тарапынан зор қолдау барына да тоқталды. «Шапағат», «Бәйтерек» сынды ұйымдармен тығыз қарым қатынас орнатылғанын айтты. Тәртіп сақшыларын қызметтерін мінсіз атқаруға, мемлекетіміздің мүддесі үшін абыройлы еңбек етуге шақырды. Ұлтының нағыз патриоты болуларын тілеп, сыбайлас жемқорлық фактілеріне жол бермеулерін талап етті.
Кездесуде табиғатынан қажырлы, қабілеті көп адамдарға үлгі болатын, жігері жасымай еңбектің биікке жеткізетінін дәлелдеп дүрген Б.Қожақовқа Абай Пб басшылары алғысын айтты. Полиция майоры С.Абдрахманов ардагер ағаның жаңа бастамаларының алға баса берулеріне сәттілік тілеп, полиция имиджін көтеру мақсатындағы ынтымақты байланыстың нығаятынына сенім білдірді.
Кездесу соңында Абай Пб жеке құрамы ардагер ағамен естелікке суретке түсті.
Орал қалалық ПБ баспасөз қызметі