Қос өңірдің азаматтық белсенділері бас қосты

Бүгін Батыс Қазақстан облысының азаматтық орталығына Атырау облысының үкіметтік емес ұйымдары өкілдері тәжірибе алмасу мақсатында келді.

«Азаматтық орталық» негізгі міндеттерді іске асыру үшін орталыққа жүгінген жағдайда ҮЕҰ-ға ақпараттық-консультациялық көмек көрсету; мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, гранттар, сыйлықақылар беру бойынша конкурстық рәсімдерге қатысу үшін құжаттар дайындауда әдістемелік көмек көрсету; әлеуметтік маңызы бар салада іс-шаралар өткізу кезінде материалдық-техникалық көмек көрсету және ұйымдық ықпал ету; ҮЕҰ кадрлық әлеуетін арттыру үшін тренингтер мен семинарлар өткізу; ротациялық негізде жұмыс іс-шараларын өткізу үшін үй-жайды қысқа мерзімге ұсыну; ҮЕҰ қызметін дамыту және тиімділігін арттыруға бағытталған ақпараттық, консалтингілік және білім беру қызметтерін көрсету; азаматтық сектор арасындағы ҮЕҰ-мен өзара іс-қимыл жүйесін дамытуға ықпал ету; бизнес-ҮЕҰ-мемлекет – сектораралық әлеуметтік серіктестігін дамыту; мемлекеттік әлеуметтік бағдарламалар мен әлеуметтік жобаларды іске асыруды ақпараттық қолдауды қамтамасыз ету сынды функцияларды жүзеге асырады.

Орталықтың жұмысы аясында көшпелі семинарлар, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыспен айналысатын мемлекеттік қызметкерлердің біліктілігін арттыру үшін семинар-тренингтер, ҮЕҰ арасында «Ең үздік әлеуметтік жоба» байқауы ұйымдастырылады.

Атыраудан Ақ Жайыққа келген делегация құрамында  «Jarqyn Bolashak» ҚБ өкілдері Д.Ғасырбек, Н.Сүйеуқызы, «Нейбарт» ЖК  өкілі И.Нейбарт, «Ер жүректілер» ҚБ өкілі Г.Өтебалиева, «Ақжол» ҚБ өкілі Қ.Құрмашев, Атырау облысының азаматтық орталығы маманы А.Баяндықызы болды. Ал батысқазақстандықтар тарапынан «Азаматтық орталық» жетекшісі А.Құрымбаев, «Нұр» ҚБ директоры Г.Франк, «Мейірім» ҚБ жетекшісі Э.Бекқазиева, «Altyn dombyra» ЖК өкілі Ж.Сейтахов, «Суретші шеберханасы» ЖК өкілі Б.Жұмабаев, волонтерлар М.Мұқсинова мен Қ.Жұбанышева әлеуметтік кәсіпкерлік пен жобалау туралы айтып,  өз тәжірибелерімен бөлісті. Қос өңірдің өкілдері болашақта бірлесіп жұмыс істеуге жоспарлар құрды.

Ләззат САЛАУАТҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *