Бұл жаңалықты BAQ.KZ сайты хабарлайды. 2020 жылдан бастап 340 мыңнан астам отбасыға жаңа жәрдемақы тағайындалатыны жөнінде бүгін Мәжілістегі Үкімет сағатында ҚР еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов мәлімдеген.
Көпбалалы отбасыларға жеке мемлекеттік жәрдемақы енгізу көзделген. 2020 жылдан бастап көпбалалы отбасыларға, яғни 4 және одан да көп кәмелетке толмаған балалары бар жанұяларға отбасының табысына қарамастан жәрдәмақы төлеу көзделіп отыр. Біздің есебіміз бойынша, аталған жәрдемақыны жаңа жылдан 340 мыңнан астам көпбалалы отбасы алатын болады. Оның көлемі де дифференциалды. Отбасыдағы балалар санына байланысты 42 496 теңгеден 74 388 теңгеге дейін мөлшерде жаңа мемлекеттік жәрдемақы белгіленетін болады, — деді Біржан Нұрымбетов.
Ал атаулы әлеуметтік көмек қалады. Оны шын мәнінде қиын жағдайдағы, мұқтаж отбасылар алады.
Министр сөзінде бірақ атаулы әлеуметтік көмектің біраз тетіктері өзгеретінін, бірінші кезекте АӘК 6 немесе 12 айға тағайындалатынын жеткізіп,18 жыл бойы қолданған осы тәртіпке қайта көшуді ұсынып отырғандықтарын айтқан.