Түнде жортқан «үшеу»

Оралдық криминалдық полиция бөлімінің жедел уәкілдері бұған дейін де заң алдында жауапталған, сотты болған топты құрықтады деп хабарлайды қалалық полиция басқармасының баспасөз қызметі.

Топтың құрамында 1993, 1996 және  1999 жылы туған оралдық үш жігіт болған. Ұрлық-қарлықпен айналысқан олар түннің қою қараңғылығында, көз байланар шақта жортуылған шығатын болған.

Мысалы, 23 қараша күні түнде таңға дейін қоғамдық автобустардың диспетчерлік бөлімінің есігін сындырып, құлыптарын бұзып кіріп, қолдарына іліккен конькиді ұрлап кеткен. Меншік иесі 1978 жылғы  С. есімді азаматшаға 20 мың теңге шығын келген. Таңертең қызметіне келген азаматша дереу оқиға орнына полиция қызметкерлерін шақыртқан.  Жедел іздестіру іс-шараларын қолға алған қырағы жедел уәкілдердің қолына түскен үшеу шаһардағы екі-үш мекеменің есігін түнделетіп бұзып кіріп, жұмыс орындарына тиесілі мүліктерді қолды қылғандарын мойындады. Ұрланған біраз жеке заттар тәркіленді.

Қазіргі күні Орал қалалық полиция басқармасының тергеу өндірісінде ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабының 3-бөліміне сай ұрлық фактісі танылып, үш эпизодпен қылмыстық іс тергеліп аяқталды.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *