Әскерге шақырады

Жергілікті әскери басқару органдары жігіттерді Отан алдындағы азаматтық борыштарын өтеуге шақырады. Бұл жөнінде Орал қалалық қорғаныс істері жөніндегі басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.

Атап айтқанда, әскерге баруға қызығушылық танытып жүрген азаматтардың Атырау қаласында орналасқан 5546 әскери бөлімінде Отан алдындағы әскери борыштарын өтеуге мүмкіндіктері бар.

Ағымдағы жылдың 14 желтоқсанына дейін осы мүмкіндікті пайдаланып қалғыңыз келсе, Орал қаласындағы Еуразия даңғылы-100 мекенжайында орналасқан қалалық Қорғаныс істері жөніндегі басқармасына жолыға аласыз. Анықтама телефоны: 53-86-60.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *