Енді 13 жасқа толмағандар Instagram-да жеке аккаунт аша алмайды, себебі Instagram желіні пайдалану нұсқаулығын жаңартты, — деп хабарлайды BAQ.KZ
Енді әлеуметтік желіге тіркелер алдында пайдаланушының туған жылы сұралатын болады. Бұл балалар мен кәмелетке толмаған жеткіншектерді зиянды ақпараттардан қорғау үшін жасалып отыр.
Аталмыш жаңашылдық 4 желтоқсаннан бастап енгізілді. Instagram-ның талабы бойынша, желіні қолданушының жасы кем дегенде 13-тен жоғары болуы тиіс, — делінген хабарламада.
Instagram қолданушының жасы туралы ақпарат құпия сақталып, басқа пайдаланушыларға көрінбейді. Ол жаңа тіркелген жас қолданушыларға сәйкес келетін қауіпсіздік параметрін ұсыну үшін қолданылады.
Бұған қоса, жаңа ережеге сәйкес, direct-ке кімнің хабарлама қалдыруына болатыны айқындалды. Мәселен, желіні жаңартқан қолданушылар енді кез келген адамнан хабарлама ала алмайды. Оған тек өз оқырмандары ғана жаза алатын болады.