Жуырда жерлесіміз жас талант Азат Латип бүкілресейлік мәдени-қайырымдылық балалар шығармашылығы байқауында хореография жанры бойынша топ жарып, жеңімпаз атанып қайтты.
Ресей Федерациясы, Татарстан Республикасының Қазан қаласында өткен «Добрая Волна» атты бүкілресейлік мәдени-қайырымдылық балалар шығармашылығы байқауына хореография жанры бойынша 110 үміткер қатысқан.
Аталмыш дода жыл сайын ән, би, аспапта орындау және сахна өнері аталымдары бойынша өтіп тұрады.110 қатысушының арасында өнер көрсетіп, байқауға «Аңшы» биін ұсынған Азат балалар байқауының лауреаты атанды. Сондай-ақ 50 000 рубль сыйақы иеленді. Жетекшісі – хореограф Армат Сайлауұлы.
Талантты жас Азат – зерде бұзылыстары бар балаларға арналған облыстық арнайы мектеп-интернатының тәрбиеленушісі. Қазір – 12 жаста. Жеті жасынан би өнерімен шұғылданатын өнерпаз мұнан өзге күрес пен волейбол үйірмелеріне қатысады екен.
Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ