Ағымдағы жылдың 15-16 қараша күндері аралығында республика аумағында «Жолда қабылдау» акциясы өтуде.
Бүгін сағат 10.00-де Әбілқайыр хан даңғылы бойындағы «Аяжан» сауда үйі алдында мобильді топтың кезекті азаматтарды қабылдауы жүргізді. Акция барысында тәуліктің бірінші жартысында осы аудан тұрғындары жеңіл көліктердің күре жолдар үстінде немесе көше бұрылыстарында аса үлкен жылдамдықпен жүрулеріне шектеу қою, жылдамдықты үдетіп айдайтын көлік иелеріне салынатын айыппұл мөлшерін көбейту, жол ережесін сақтамайтын оқушыларға шара қолдану, такси жүргізушілері тұрғындар жүретін жолдың немесе ірі сауда үйлерінің айналасына көлік қойып, жаяу адамның жүруіне ыңғайсыздық туындатуы сынды түйіткілді мәселелерімен келді. Тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға тәртіп сақшылары жауаптар берді. Түске дейін мобильді топ құрамындағы қызметкерлер осы бағыттағы 11 сұрақты қабылдады. Тәуліктің екінші жартысында да аталмыш акция кешкі сағат 19.00-ге дейін жалғасты.
Орал қ.ПБ баспасөз қызметі