Көрнекті ақын, Халық жазушысы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Фариза Оңғарсынованың 80 жылдық мерейтойына орай өткізілетін республикалық жыр мүшәйрасы жарияланды, — деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мүшәйраны өткізу тәртібі мен шарттары: Жыр додасына қатысатын ақындар төмендегі екі тақырып бойынша бұрын жарияланбаған өлеңдерін (дастандарын) жолдауы тиіс:
— «Жыр –менің жалғыз тарланым» (Ф.Оңғарсынованың асқақ бейнесін, бірегей болмысын суреттеу);
— Еркін тақырып
Мүшәйраға 45 жасқа дейінгі ақындар қатыса алады.
Сонымен қатар автор туралы ақпарат бөлек файлда ұсынылады, мұнда қатысушының толық аты-жөні, туған жылы, жұмыс орны мен қызметі, оқу орны мен курсы, тұрғылықты мекенжайы, электронды поштасының мекенжайы, телефондары (жұмыс, ұялы), өлеңдерінің тақырыбы, қысқаша шығармашылық өмірбаяны, түрлі түсті суреті мен жеке куәлігінің сканерленген көшірмелері жіберілуі тиіс. Екінші файлда байқауға ұсынылатын өлеңдері бүркеншік есіммен салынуы керек.
Өлеңдер Times New Roman шрифтімен (14 рt), 1 аралық интервалмен, Word мәтіндік редакторында теріліп, agatai_2005@mail.ru электронды мекенжайына («Руханиятқа» деген бұрыштамамен) 15 мамырға дейін жолдануы тиіс.
Авторлар туралы мәлімет Атырау қаласы, Азаттық даңғылы, 11 үй (аула ішіндегі ғимарат) мекенжайына жолдануы тиіс. Байланыс телефоны: 87058605053, 87783869740, 8 7122 32-78-03
Негізгі кезеңдер: өлеңдерді қабылдау – 15 мамырға дейін; іріктеу кезеңі – 15 мамыр-5 маусым; қорытынды – маусым айы (уақыты қосымша хабарланады.)
Мүшәйра жүлделері: Мүшәйра жеңімпаздары арнайы диплом және сыйақымен марапатталады:
Бас жүлде біреу – 800 000 теңге;
I орын біреу – 500 000 теңге;
II орын екеу – 300 000 теңгеден;
III орын үшеу – 150 000 теңгеден.