Батысқазақстандық дойбышы тұңғыш халықаралық гроссмейстер атанды

Бүгін оралдықтар дойбыдан жастар арасындағы Әлем чемпионатында табысты нәтижеге қол жеткізген спортшыларды салтанатты түрде қарсылап алды деп хабарлайды БҚО спорт және дене шынықтыру басқармасының баспасөз қызметі.

Дойбыдан жастар арасындағы Әлем чемпионаты  ағымдағы жылдың 22-31 тамыз күндері Кранево (Болгария) қаласында өткен болатын. Спорттық додаға қатысқан батысқазақстандық дойбышылар  Алтынай Жұмагалдиева, Анель Давлетова және Тоғжан Тәжібекова ҚР ұлттық құрамасының сапында өнер көрсетіп, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Әлемнің 19 елінен 200-ге жуық спортшы қатысқан чемпионатта  Анель Давлетова (16 жасқа дейін) мен Тоғжан Тәжібекова (13 жасқа дейін) өз жас санаттарында дойбыдан әлем чемпионы атанды. Ал алты дүркін әлем чемпионы Алтынай Жұмагалдиева әйелдер арасында тұңғыш халықаралық гроссмейстер атағын иеленген қазақстандық болды.

Дойбы – өңірімізде кең тараған зияткерлік ойын түрлерінің бірі. Облыстық спорт және дене шынықтыру басқармасы тарапынан өңірімізде осы спорт түрін дамыту мен насихаттауға, спортшылардың кәсібилігі мен нәтижелілігін қамтамасыз етуге жан-жақты қолдау көрсетіліп келеді.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *