Әскерилер латын әліпбиін үйренуде

Орал қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасында «Жаңарған қоғамға – жаңа əліпби» тақырыбында практикалық сабақ өтті деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.

Дәрісті облыстық тілдерді дамыту басқармасының қолдауымен латын əліпбиін оқыту тренері Гүлнұр Алғазы өткізді. Шарада жаңа əліпбиде жоқ əріптердің жазылу баламасы көрсетіліп, латыннегізді қазақ тілі емлесінің ережесіне шолу жасалды.

Сонымен қатар Ш.Шаяхметов атындағы «Тіл – қазына» ұлттық ғылыми-практикалық орталығының QAZLATYN ұлттық порталы орталықтың оқу ақпараттық жобалары таныстырылды.

Шара барысында басқарманың жеке құрамы мультимедиалық құралдар арқылы оқу, жазу дағдысын қалыптастыруға  арналған жаттығулар мен қызықты тапсырмалар орындады.

«PULS» ақпарат

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *