Жас маманға-жаңаша көзқарас


Жуырда Жаңақала колледжінде «Жас маман» жобасы аясында  сұранысқа ие жұмысшы мамандықтар бойынша білікті мамандарды даярлауда халықаралық тәжірибені енгізу мақсатында  «Дәнекерлеу ісі» және «Автомобиль көлігіне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және пайдалану» мамандықтары бойынша «Жас маманға-жаңаша көзқарас» атты іскерлік алаң оздырылды.  

Іскерлік алаңға Жаңақала ауданы әкімінің орынбасары, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі, халықты жұмыспен қамту орталығы, аудандық кәсіпкерлер палатасы филиалы және колледждің әлеуметтік серіктестіктері қатысты.

Шара барысында БҚО білім басқармасы, білім беруді дамыту орталығының директорының орынбасары Нұрлан Сабиров: «Қазіргі кезде еліміздің экономикасының қуатын арттыру үшін еңбек нарығына білікті кадрлармен қамтамасыз ету өзекті мәселелердің бірі. Сондықтан кәсіптік білім беру қызметкерлерінің алдында тұрған басты мақсат-бәсекеге қабілетті сапалы мамандар даярлау, жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дамыту, заман талабына сай білім алушылардың білім, білік, дағдыларын қалыптастыра отырып, халықаралық стандарттағы ең озық технологиялық құрал-жабдықтармен жұмыстанған бітіруші түлектер, болашақта тәжірибелі маман болып, жұмыссыз қалмауына септігін тигізетіндігін баса айтты.

Сондай-ақ колледждің жаңа құрал-жабдықтарымен таныстыру арқылы өндірістік сабақтан шеберлік сыныптар өткізілді. Шара соңында қатысушылар еркін микрофонда пікір алмасып, өз ойларымен бөлісті.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *