КІТАП ОҚЫ да, СЫЙЛЫҚҚА — ВЕЛОСИПЕД ұт!


БҚО білім басқармасының, Теректі аудандық білім бөліміне қарасты Приречный орта мектебінде тамаша жоба жүзеге асуда.

 «Бір күн кітаппен!» жобасы аясында бастауыш сыныптағы бүлдіршіндер  ертегі оқып, орта буын оқушылары қазақтың классиктері — Абай Құнанбаев, Қадыр Мырзалиев, Мұқағали Мақатаев шығармаларымен жақын танысуда. Былтыр  қарашада басталған шара  биыл аудандық деңгейде жүріп жатқан  «Оқуға құштар мектеп» жобасымен жалғасын тапқан.

Балалардың сауаттылығын арттырып, рухани дамуын, ана тіліне сүйіспеншілігін арттыруға бағытталған жобаны педагогикалық ұжым ұйымдастырып отыр. Жеңімпазға  беретін бас жүлде дайын. Жоба   шеңберінде бастауыш сынып оқушылары  арасында «Ертегілер әлемінде» -«В гостях у сказки»  сайысы өткізілген. Ертегі айтып жарысқан балалардың ішінде 15 ертегі оқыған Мөлдір Сағынғалиеваға тең келер қарсылас болмаған. Ильнара Нарықова 11 ертегімен, Кристина Косенко 9 ертегімен, Мансұр Есіркеп пен Әділет Жайлаубаев жеті ертегімен кітап арқылы танысқан. 

Мектептегі орта буын сыныптарындағы оқушылар үзілісте жиналып кітап оқиды. Ал, жоғары сыныптардағылар өздері оқып шыққан туындылар бойынша эссе, шығармалар жазады,- дейді жоба жетекшісі, кітапханашы Алтын Бакисова.

«Бір күн кітаппен!» жобасы наурыз айында өз мәресіне жетеді.

Жобаның бас жүлдесі – су жаңа велосипед мектеп дәлізінде жеңімпазды күтіп тұр.

Теректі аудандық білім беру бөлімінің баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *