«Учаске» жедел алдын алу шарасы аяқталды

Халық арасында ішкі істер органдары туралы имидж қалыптастыру, полицияның беделін арттыру, азаматтармен сенімді қарым қатынас орнату, сондай -ақ қызмет көрсететін аймақтарда қылмыстардың жолын кесу, түрлі құқық бұзушылықтарға тосқауыл қою мақсатында 2020 жылғы 7 қыркүйек пен 1 желтоқсан аралығында республика аумағында «Учаске» атты ЖАШ ұйымдастырылды, — деп хабарлайды басқарманың баспасөз қызметі.»»

«Учаске» ЖАШ-ына барлық учаскелік полиция инспекторлары толықтай жұмылдырылып, қызмет көрсететін әкімшілік аймақтарын тексеріп, рейдтер ұйымдастырды. Орал қаласы аумағында барлығы көп қабатты үйлерде 68 390 пәтер, 52 962 жер үй секторы бар. Аталмыш ЖАШ аясында 121 352 мекенжай тексерілді. 152 саяжай қоғамы, 16 789 саяжай қоғамының үйлері түгелдей тексерістен өтті.
24 шаруа қожалығына аяқтай барған инспекторлар 48 адамның деректерін тіркеді. 616 белгілі тұрағы жоқ тұлғалар БҚО ПД қабылдап- тарату орынына жеткізіліп, 33 тұлға орталыққа орналастырылды. 188 жасы кәмелетке толмаған жасөспірім ұсталып, заңға қайшы іс- әрекеттері анықталды. Бұндай ЖАШ-ы мен акциялар алдағы уақытта да жалғасын табады. Себебі, тұрғындар мен құқық қорғау қызметкерлері арасындағы байланыс үзілмейді.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *