Көлік құралдарының құрылымын заңсыз өзгерткендерге айыппұл салынуда

Құрметті автокөлік жүргізушілері! Жыл басынан бері көлік құралдарының құрылымын заңсыз өзгерткені үшін Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-нің 590-бабының 7-бөлігіне сай 299 жүргізуші әкімшілік жауаптылыққа тартылып, оларға жалпы сомасы 5 млн 156 мың 362 теңге айыппұл салынды.


Қазақстан Республикасының 1418-2016 Ұлттық СТ-ның 4-тарауының, 4.1-тармағына сай автомотокөлік құралдарының құрылымына өзгерістер енгізу мемлекеттік уәкілетті органның келісімімен және қадағалауымен жүзеге асады. Көлік құралының құрылымына өзгерістер енгізбес бұрын Сіз ішкі істер органдарына көлік құралына өзгеріс енгізуге сұраныс беруіңіз және қайта жабдықтауға рұқсат (газбаллон жабдығын орнату, борттық платформ, фургон, контейнерлер және т.б.) алуыңыз қажет.
Содан соң көлік құралдарының құрылымдарына өзгерістер енгізу бойынша жұмыстар жүргізуге рұқсат бар лицензиясы бар ұйымдарға, сертификаттау органдарына жүгінуіңіз қажет. Жұмыстар жасалғаннан кейін аталған органдардан барлық рұқсат беретін және растайтын құжаттар мен орындалған жұмыстардың актін алу керек.
Сосын Орал қалалық ПБ-ға келіп, жол-техникалық инспекциясына тобынан қорытынды аласыз. Содан кейін қайта жабдықтағаныңыз туралы көлік құралын тіркеу куәлігіне өзгеріс енгізу үшін арнайы мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығына жүгінесіз.


Орал қалалық ПБ ӘПб баспасөз қызметі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *