Газет мерейтойына арналған турнир

Бүгін «Пульс» газетінің 30-жылдығына орай тоғызқұмалақ пен спорттық гимнастикадан турнир оздырылды.

Жоғары деңгейде өткен жарысқа 30-ға жуық жас спортшы қатысты.

Жарыстың марапаттау рәсіміне Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиев, «Пульс» қоғамдық-саяси газетінің директоры Жансұлу Сапашева, бас редакторы Сауле Загидуллина қатысып, жарысқа қатысушы жас өрендерге алғыс білдіріп, ақ жол тіледі.

Тоғызқұмалақ ойыны бойынша ұлдар арасында Дәулет Елубаев жеңіске жетсе, қыздар арасында Айшабибі Нұрғазина бірінші орыннан көрінді. Әбілмансұр Нұрғазин мен Инабат Мажетова – екінші, Темірлан Хайрлиев пен Нұрия Ұзаққали жүлделі үшінші орынға ие болды.

Ал қыздар арасында өткен спорттық гимнастикадан Арина Молдағалиева, Анжелика Нурписова, Камила Абзалилова, Салтанат Айшева сынды жас гимнастшылар топ жарды.

Жеңімпаздар Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімінің медаль және дипломдарымен марапатталды. Сонымен қатар, жүлдегерлерге «Пульс» газетінің арнайы сыйлықтары табыс етілді.

Гүлзинат ИБРАГИМҚЫЗЫ

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *