Кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылық жиі орын алады

Кәмелетке толмағандар арасында қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын алу бағытында ювеналдық полиция бөлімшесінің учаскелік полиция инспекторлары қала әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандар істері жөніндегі комиссия мүшелерімен бірігіп жасөспірімдермен жасалып жатырған құқық бұзушылықтарды анықтау мақсатында күнделікті рейдттік іс-шаралар өткізіліп келеді.

2020 жылдың басынан бастап Орал қ. ПБ-на 637 жасөспірім жеткізілген болатын 2019 ж. – 528. Түнгі мезгілде қоғамдық орында заңды тұлғасыз жүргені үшін 584 жасөспірім ұсталып, 570 ата-ана ескертіліп, 14 ата-анаға сот қаулысы негізінде 7 АЕК мөлшерінде (19446 тенге) айыппұл салынды. Соңғы 4 күнде Орал қ. ПБ-на түнгі мезгілде жүргендері үшін 72 кәмелетке толмаған ұсталып, жеткізілді. Орын алған құқық бұзушылықдардың басты себебі бұл ана-аналар тарапынан бақылаудың жоқтығы.
Құрметті ата-аналар! Орал қ. ПБ сізді жасы кәмелетке толмаған балаларыңызға қатысты тәрбиелік жұмыстарды күшейтуді, оларды қараусыз қалдырмау және өз беттерімен рұхсатсыз жібермеулеріңізді сұрайды. Себебі биылғы жылдың статистикасына сүйенер болсақ түнгі мезгілде жүрген және суға түсуге барып, батып кеткен балаларымыздың саны үш есеге артып отыр.

Орал қалалық ПБ ювеналдық полиция бөлімі

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *