Сот орындаушылары акцияға үн қосты

Елімізде орын алған індетке байланысты «Biz Birgemiz» акциясы аясында БҚО жеке сот орындаушылары Оралда арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығына (қарттар үйі мен мүгедектер үйіне) гуманитарлық көмек көрсетті.


Игі істі сот орындаушылары «Nur Otan» партиясы облыстық филиалының жасотандық жастармен бірлесе жасады.Әлеуметтік мекемедегі күтушілерге 2 тоннадан астам көкөністер мен бөлмелерді желдетуге арналған желдеткіштер сыйға тартылды.


Айта кету керек осы кезге дейін де БҚО жеке сот орындаушылары әлеуметтік жағдайы төмен және көп балалы отбасыларға азық-түлікпен жәрдемдескен болатын.

Осындай игі шараларымыз алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады. Біз бұл қиындықтарды бірлесіп жеңеміз , — деді БҚО жеке сот орындаушыларының өңірлік палатасының басшысы Қабылбеков Пердебек Аманбекұлы және жеке сот орындаушылары.


Жангүл Айткужакова ,

БҚО жеке сот орындаушысы

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *