Қала тұрғындарына 30 мың медициналық маска тегін таратылды

24 шілде күні Батыс Қазақстан облысы жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының қолдауымен «#Жақыңынажанашырбол #Маскатағайық» акциясы аясында Орал қаласында тұрғындарына 30 мың тегін маска таратылды.

Қала тұрғындарына үлестірілген әрбір қораптың ішінде 10 дана медициналық маска бар.
Орал қаласының волонтер қыз-жігіттері 23 шілде күні «Жасыл Ел» штабында жиналып, 30 мың масканы қабылдап алды. Арнайы қорғаныш киімін киген еріктілердің бір тобы маскаларды шағын қораптарға салумен айналысса, енді бір тобы оларды алдын ала дайындалған арнайы көліктерге тиеді.

— Шара кезінде байқағанымыз кейбір тұрғындар өкінішке орай, сақтық шараларының қарапайым әдістерін ұстанғысы келмейді. Қоғамдық орындарда, көшеде серуендеу кезінде, медициналық бетперделерді кимейді, белгіленген арақашықтықты сақтамайды. Қауіп-қатердің әлі де болсын сейілмегенін жете түсінбейтін секілді. Қандай да бір себептермен медициналық бетпердесіз жүрген азаматтарға, қала тұрғындарына волонтерлар сақтық шараларын еске сала отырып медициналық маскалар мен үнпарақтар ұсындық. Мұндай жұмыстар қазіргі таңда облыстың барлық аудандарында жүргізілуде, — деді «Орал жастары» қозғалысының волонтері Дулат Жүсіпқалиев.

Акцияға «Ақжайық — адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің қызметкерлері, «Жасыл ел» жасағының сарбаздары, «Орал жастары» және «Ақжайық жастары» волонтерларынан құралған 150-ден аса жас атсалысты.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *