EGOV.KZ порталына кіру жолдары

Достар, egov.kz порталының қызметтерін пайдаланып, ЭЦҚ-мен қол қою үшін ең алдымен оның пайдаланушысы болу керек. Электронды үкімет порталын бірнеше жылдан бері пайдаланып келе жатқандар онда ЖСН енгізіп, жасырын сөзді толтыру керектігін біледі. Бүгінде порталға кірудің тағы бірнеше жолы іске қосылған. Сонымен, келесі ақпаратқа құлақ түріп, #Oqyp&Toqyp алыңыз.

✅ Бір жолғы жасырын сөз
Бұл әдіспен порталға кіру үшін ЖСН нөмірін теріп, ұялы телефон нөмірін толтыру қажет. Аталған әдісті мобильді азаматтар базасында тіркелгендер пайдалана алады.

✅Электронды цифрлық қолтаңба
ЭЦҚ арқылы порталға кіремін десеңіз, жүйе сізге сертификатты таңдауды ұсынады. Электронды кілт құпиясөзі толтырылғаннан кейін барлық мәліметтер сәйкестендіріледі.

✅QR-код
QR-код – порталға кіру үшін жасалған жаңа әдістің бірі. Бұл жолмен порталға смартфондарында egov mobile қосымшасы барлар кіре алады. Егер өзіңізбен бірге ЭЦҚ бар флэш-карта болмаса, осы әдіспен порталға оңай кіруге болады. Egov mobile қосымшасынан скан белгісі арқылы компьютерде шыққан кодты сканерлеп, бірден қызметтерді пайдалануды бастай аласыз.

Оставьте ответ

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *